Өмірбаяны

22 Ақпан 2013, 10:18

Жүршиев Төлентай 1942 жылы туылған. Еңбек ардагері. Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымында 1961 жылдан бері еңбек етіп келеді. Білімі – арнайы орта. 1957-1961 жылдары  Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр көркемөнерпаздары жетекшісі бөлімін бітірген. Т.Жүршиев көбінесе комедиялық жанрдағы актер екендігімен ерекшеленеді. Театр репертуарындағы Шекспирдің «Ричард-ІІІ» қойылымында Епископ, С.Маршактың «Айдалада ақ отауында» Кірпі, А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасында хабаршы шал,  тағы басқа 50-ге жуық үлкен рөлдерде ойнап келеді. 2002 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қырғызстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ардақ грамотасымен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері төс белгісін алды. Т.Жүршиев қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмайды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының және Қазастан театр қайраткерлері одағының белсенді мүшесі.  Жүршиев Төлентайдың театр ұжымында әр жылдарда ойнаған рөлдері 1958 жыл: М.Әуезов. «Айман – Шолпан» (қоюшы режиссері – Т.Ерғалиев) – Балпық; Н.Гоголь. «Ревизор» (қоюшы режиссері – Т.Ерғалиев) – А.Анучкин; С.Адамбеков. «Күн мен көлеңке» (қоюшы режиссері – Т.Ерғалиев) – Шал; 1959 жыл: Қ. Мұхамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» (қоюшы режиссері – Ә.Төлебаев) – Арыстан; 1960 жыл: М.Әуезов. «Қарагөз» (қоюшы режиссері – Мен Дон Ук) – Мантай; 1961 жыл: М.Әуезов. «Түнгі сарын» (қоюшы режиссері – Мен Дон Ук) – Тергеуші; В.Винников, Ю.Оснос. «Ақ гүл» (қоюшы режиссері – Т.Ерғалиев) – тергеуші; Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай!» (қоюшы режиссері – Мен Дон Ук) – Сұлтан; 1965 жыл: Ш.Хұсайынов. «Тоты-Тамилла» (қоюшы режиссері – Р.Шарафутдинова) –Бордо; М.Әуезов. «Еңлік – Кебек» (қоюшы режиссері – Т.Иргалиев) – Жапал; 1967 жыл: Ғ.Мүсірепов. «Аманкелді» (қоюшы режиссері – А. Оңалбаев) – Кенжеғара; М.Хасенов. «Махаббат неге оянбады?» (қоюшы режиссері – А. Оңалбаев) – Сұлтан; 1969 жыл: М.Әуезов, Л.Соболев. «Абай» (қоюшы режиссері – А. Тоқпанов) – Әзімхан; 1971 жыл: Ш.Хұсайынов. «Алдаркөсе» (қоюшы режиссері – Төлебаев) – Алдар; Т.Ахтанов. «Махаббат мұңы» (қоюшы режиссері – В.Пұсырманов) – Нияз; 1973 жыл: М.Әуезов. «Айман – Шолпан» (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов) – Өзбек; Қ.Ысқақов. «Бизнес шал» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Бизнес шал; 1979 жыл: Д.Исабеков. «Әпке» (қоюшы режиссері – А.Сәлімбаев) – Қабен; А.Бек. «Волокалам тас жолы» (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов) – Заев; Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (қоюшы режиссері – Т.Өтебаев) – Айдар; Әбілдаев. «Сыпатай батыр» (қоюшы режиссері – Қ.Жетпісбаев) – Шолпанбай; 1980 жыл: С.Мұқанов, Т.Дүйсебаев. «Мөлдір махаббат» (қоюшы режиссері – Е.Дүйсенбеков) – Текебай; Е.Әлімжанов. «Жанталас» (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов) – Кочкаров; Е.Әлімжанов. «Тақталас» (қоюшы режиссері – О.Кенебаев) – Мауғабай; 1981 жыл: Е.Әлімжанов. «Азап вагоны» (қоюшы режиссері – Р.Сейтметов) – Тергеуші; С.Ахмад. «Келіндер көтерілісі» (қоюшы режиссері – О.Кенебаев) – Асқар; Ш.Мұртаза. «Қара маржан» (қоюшы режиссері – А.Сәлімбаев) – Онико; Т.Дүйсебаев. «Баламмен кездесу» (қоюшы режиссері – А.Дүйсебаев) – НКВД; Т.Ахтанов. «Ант» (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов) – Төле би; 1982 жыл: А.Арбузов. «Ойнақтаған от басар» (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов) – Констанинов; Қ.Мұхамеджанов. «Қайдасың сен, Хайдарбек» (қоюшы режиссері – Т.Иргалиев) – Садық Қайдарбек; 1983 жыл: Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай» – Сұлтан; 1984 жыл: Т.Мүсірепов. «Ит өлім» (қоюшы режиссері – А.Дүйсебаев) – Ақшам; О.Боранбаев. «Оң жамбас» (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов) – Сұлтан; А.Каххар. «30 тиын штраф» (қоюшы режиссері – Т.Иргалиев) – Саид; М.Тойбаев. «Жолың болсын, балам!» (қоюшы режиссері – М.Бекхожин) – Кедейхан; 1998 жыл: Ө.Боранбаев. «Қорқақ көжек» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Әтеш; 2006 жыл: У.Шекспир. «Ричард ІІІ» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Епискон; 2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Хабаршы шал; 2010 жыл: С.Маршак. «Айдалада ақ отау» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Кірпі.

Жүршиев Төлентай 1942 жылы туылған. Еңбек ардагері. Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымында 1961 жылдан бері еңбек етіп келеді. Білімі – арнайы орта. 1957-1961 жылдары  Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр көркемөнерпаздары жетекшісі бөлімін бітірген.
Т.Жүршиев көбінесе комедиялық жанрдағы актер екендігімен ерекшеленеді. Театр репертуарындағы Шекспирдің «Ричард-ІІІ» қойылымында Епископ, С.Маршактың «Айдалада ақ отауында» Кірпі, А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасында хабаршы шал,  тағы басқа 50-ге жуық үлкен рөлдерде ойнап келеді.
2002 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қырғызстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ардақ грамотасымен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері төс белгісін алды.
Т.Жүршиев қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмайды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының және Қазастан театр қайраткерлері одағының белсенді мүшесі. 

Жүршиев Төлентайдың театр ұжымында әр жылдарда ойнаған рөлдері

1958 жыл:

1959 жыл: Қ. Мұхамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» (қоюшы режиссері – Ә.Төлебаев) – Арыстан;

1960 жыл: М.Әуезов. «Қарагөз» (қоюшы режиссері – Мен Дон Ук) – Мантай;

1961 жыл:

1965 жыл:

1967 жыл:

1969 жыл: М.Әуезов, Л.Соболев. «Абай» (қоюшы режиссері – А. Тоқпанов) – Әзімхан;

1971 жыл:

1973 жыл:

1979 жыл:

1980 жыл:

1981 жыл:

1982 жыл:

1983 жыл: Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай» – Сұлтан;

1984 жыл:

1998 жыл: Ө.Боранбаев. «Қорқақ көжек» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Әтеш;

2006 жыл: У.Шекспир. «Ричард ІІІ» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Епискон;

2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Хабаршы шал;

2010 жыл: С.Маршак. «Айдалада ақ отау» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Кірпі.

Бөлісу: