10 жасар баланың кейпіндегі азамат

21 Ақпан 2013, 12:15

Ақтөбе облысының тұрғыны Серім Амангелді – 24 жастағы жігіт. Алайда, оның сырт келбеті 10 жасар балғын баланікіндей. Ауыр науқасқа шалдыққан азаматтың өмірі жайында «Мой город» порталы хабарлап отыр.  Амангелді өз денсаулығына шағым айтпайды. Қазір ол аудандық білім бөлімінде есепші қызметін атқарып келеді. Шалдыққан ауруы да көп кездесе бермейтін індет, медицина тілімен айтқанда гипофизарлы нанизм, яғни бой өсуінің тежелуі. «Отбасында үш баламыз. Ата-анамызбен бірге тұрамыз, олар 70 жастан асқан. Ал, мен үйдің кенжесіндеймін. Қазіргі салмағым 40 келі, бойым 140 сантиметр. Жалпы, денсаулығыма шағым жоқ. Үй шаруашылығындағы жұмыстардың барлығын да өзім істеп тастаймын, алайда кейде жоғарыда тұрған заттарға бойым жетпегендіктен бауырларымның көмегіне жүгінуге мәжбүрмін» дейді Амангелді. Ол бала кезінде өзгелермен қатар-ақ өскен. Мектептегі үлгерімі орташа, тарих пәнін сүйіп оқыған. «Туылғанымнан кіп-кішкентай болдым. Неліктен екенін білмеймін, тұқымымызда мұндай кездеспеген» дейді науқас жан. BAQ.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны Серім Амангелді – 24 жастағы жігіт. Алайда, оның сырт келбеті 10 жасар балғын баланікіндей. Ауыр науқасқа шалдыққан азаматтың өмірі жайында «Мой город» порталы хабарлап отыр. 
Амангелді өз денсаулығына шағым айтпайды. Қазір ол аудандық білім бөлімінде есепші қызметін атқарып келеді. Шалдыққан ауруы да көп кездесе бермейтін індет, медицина тілімен айтқанда гипофизарлы нанизм, яғни бой өсуінің тежелуі.
«Отбасында үш баламыз. Ата-анамызбен бірге тұрамыз, олар 70 жастан асқан. Ал, мен үйдің кенжесіндеймін. Қазіргі салмағым 40 келі, бойым 140 сантиметр. Жалпы, денсаулығыма шағым жоқ. Үй шаруашылығындағы жұмыстардың барлығын да өзім істеп тастаймын, алайда кейде жоғарыда тұрған заттарға бойым жетпегендіктен бауырларымның көмегіне жүгінуге мәжбүрмін» дейді Амангелді.

Ол бала кезінде өзгелермен қатар-ақ өскен. Мектептегі үлгерімі орташа, тарих пәнін сүйіп оқыған. «Туылғанымнан кіп-кішкентай болдым. Неліктен екенін білмеймін, тұқымымызда мұндай кездеспеген» дейді науқас жан.

BAQ.kz

Бөлісу: