Білім мен ғылым кеңістігін құру қажет (видео)

21 Ақпан 2013, 12:04

Астана және Томск қалалары білім, ғылым және инновациялық технология салалары бойынша өзара  ынтымақтастық орнатты. Бұл жайында елордада Томскпен арада өткен телекөпір барысында айтылды. Жиында «ХІХ ғасырдағы білім және ғылым – 2013» халықаралық көрмесіндегі Томск делегациясының жетістіктері жайлы айтылды. Телекөпір арқылы екі қала журналистері спикерлерге білім, ғылым, жаңа технология, өзара серіктестік жайлы сұрақтар қойды. Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  делегация жетекшісі Алексей Князев «Химия саласындағы инновациялық зерттеулерді енгізудің Томск тәжірибесі» атты дәріс оқыды. Алексей КНЯЗЕВ, Томск облысы губернаторының орынбасары: - Біз үшін екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Көптеген университет арасында келісім жасалған. Қазақстан – біз үшін ең басты серіктес. Бізде экономикалық кеңістік бар, енді білім мен ғылым кеңістігін құру жоспарда бар. Басты мақсатымыз – Астана мен Томск арасында үлкен білім көпірін құру.

Астана және Томск қалалары білім, ғылым және инновациялық технология салалары бойынша өзара  ынтымақтастық орнатты.

Бұл жайында елордада Томскпен арада өткен телекөпір барысында айтылды. Жиында «ХІХ ғасырдағы білім және ғылым – 2013» халықаралық көрмесіндегі Томск делегациясының жетістіктері жайлы айтылды. Телекөпір арқылы екі қала журналистері спикерлерге білім, ғылым, жаңа технология, өзара серіктестік жайлы сұрақтар қойды. Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  делегация жетекшісі Алексей Князев «Химия саласындағы инновациялық зерттеулерді енгізудің Томск тәжірибесі» атты дәріс оқыды.

Алексей КНЯЗЕВ, Томск облысы губернаторының орынбасары:

- Біз үшін екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Көптеген университет арасында келісім жасалған. Қазақстан – біз үшін ең басты серіктес. Бізде экономикалық кеңістік бар, енді білім мен ғылым кеңістігін құру жоспарда бар. Басты мақсатымыз – Астана мен Томск арасында үлкен білім көпірін құру.

Бөлісу: