Еркін күрес: Әлем кубогында Қазақстанның топтағы қарсыластары анықталды
Еркін күрес: Әлем кубогында Қазақстанның топтағы қарсыластары анықталды
Иранның Тегеран қаласында грек-рим күресінен әлем кубогы аяқталып, Қазақстан құрамасы бесінші орын алды.
Енді боз кілемге еркін күрес шеберлері шығады. 21-22 ақпан күні өтетін доданың жеребесі тартылып, құрамалар екі топқа бөлінді, деп хабарлайды «Аламан».
Қазақстан құрамасы А тобында Беларусь, Ресей, Түркия, Әзірбайжанмен белдеседі. Біздің құраманы жаңа бапкер Руслан Өмірәлиев бастап апарады.