Элизабет Тейлордың құнды заттарын тамашалауға мүмкіндік туды (видео)

21 Ақпан 2013, 05:01

АҚШ-тың Беверли Хиллз қаласында Элизабет Тейлордың құнды заттары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде Тейлордың өмір бойы жинаған барлық зергерлік бұйымдары көрсетілген. Топтаманың ішінде ең бағалысы – асыл тастан көмкерілген әшекей мен меруерт алқасы. Бұл екі бұйымды 1964 жылы актрисаға оның жары сыйлаған екен. Тейлордың жақұт тастарға да ерекше талғаммен қарайтыны көрініп-ақ тұр. Мәселен, жақұттан жасалынған мойынтұмарларды көптеп кездестіруге болады. Көрермендер асыл тастардың топтамасын наурыздың соңына дейін тамашалай алады. Кейін әшекей бұйымдар әлемнің басқа елдеріне жеткізілмек. Элизабет Тейлордың құнды заттарын тамашалауға мүмкіндік туды.

АҚШ-тың Беверли Хиллз қаласында Элизабет Тейлордың құнды заттары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеде Тейлордың өмір бойы жинаған барлық зергерлік бұйымдары көрсетілген. Топтаманың ішінде ең бағалысы – асыл тастан көмкерілген әшекей мен меруерт алқасы. Бұл екі бұйымды 1964 жылы актрисаға оның жары сыйлаған екен. Тейлордың жақұт тастарға да ерекше талғаммен қарайтыны көрініп-ақ тұр. Мәселен, жақұттан жасалынған мойынтұмарларды көптеп кездестіруге болады. Көрермендер асыл тастардың топтамасын наурыздың соңына дейін тамашалай алады. Кейін әшекей бұйымдар әлемнің басқа елдеріне жеткізілмек.

Элизабет Тейлордың құнды заттарын тамашалауға мүмкіндік туды.

Бөлісу: