Әлімбетова Майра Жалмұхамбетқызы – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі және көркемдік жетекшісі.
1952 жылдың 16 шілдесінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келді.
1971-1973 жылдары Ақтөбе облысындағы мәдени-ағарту училищесінде, 1973-1978 жылдары Мәскеудің академиялық Кіші театрының жанындағы М.С.Щепкин атындағы жоғарғы театр училищесінде (кино және театр әртісі) білім алды. Жетекші Григорий Николаевич Дмитриевтен бастап көптеген профессорлардан актерлік шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы саласында дәріс алды. Бүкіл әлемге танылған актриса Е.Гоголева курстық жұмыстарын қабылдап, дипломына пікір жазды. Бұл оның өмірлік жолына берген қолтаңба іспеттес еді.
1972 жылы Щепкин училищесінің түлектері Арқалық қаласынан театрдың алғаш шымылдығын ашты. М.Әлімбетова да осы театрда алғаш рет театр сахнасына шықты. 3 жасында артист болам деген періште сөзі арада 20 жылдан соң киелі сахнаға алып шықты. Міне, содан бері 40 жыл уақыт өтіпті.
Ең алғаш 26 жасында Д.Исабековтың «Әпке» спектакліндегі Қамажай рөлін ойнап, жоғары баға алды. Жаста болса үлкен-үлкен айшықты образдар жасап қайраттана түсті. Қамажайдан соң М.Әуезовтің «Қаракөз» спектаклінде Қаракөзді ойнауға жолдама алды. Ішкі сезім иірімдері буырқанған, психологиялық жағынан аса күрделі тұлғаны да көрермен толғанатындай етіп бейнеледі. Театр тарихында актриса Майра Әлімбетова деген жаңа есім жарқ ете қалды.
Ең алғаш «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде М.Әлімбетованың өнерін жоғары бағалаған мақалалар жарияланды.
1973 жылы облыстық Кеңестің депутаттығына сайланды.
1981 жылы Арқалық театрынан Жамбыл облыстық қазақ драма театрына ауысты. Міне, содан бері 30 жылдан астам уақыт ішінде осы театр ұжымының ыстығы мен суығына көніп, халқына қызмет жасап келеді.
М.Әлімбетова тек әртістік қана емес, ұйымдастыру қабілеті зор маман ретінде танылды. Оның көркемдік жетекшілігімен көптеген әдеби кештер, бенефистер, концерттер, демалыс кештері, «Аrt MIX» өнер семинары, Жас режиссерлерге арналған Республикалық «Дебют-2012» фестивалі, тағы басқа көптеген мәдени іс-шаралар өткізілді.
М.Әлімбетова режиссер де бола білді, әрі инсценировка да жасады. А.Көпжасарованың «Тал бесігім», И.Ғайыптың «Жыр әлемі», М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыр кештерін сахналады. Шығармашылық жобаның сан қырлы әдістерін меңгерген маман қазылар алқасының мүшесі әрі көптеген театр фестивальдерінің ұйымдастырушысы, әрі режиссері. Өзінен кейінгі жастарға бағыт-бағдар, дәріс беріп, олардың өнердегі жолдарын ашты.
М.Әлімбетованың сахнадағы лабораториясына терең үңілген тетр зерттеуші Я.Шынасылұлы, К.Баялиев, А.Шырынбекұлы, Е.Досалылар көптеген пікірлер жазды.
Осы жылдар ішінде иірімдері бір-біріне үйлеспейтін қойылымдар мен мінездері қабыспайтын санқырлы, әр көзқарастағы Ж.Есенбеков, Е.Тәпенов, Е.Оразымбетов, Ә.Құлданов, Т.Дүйсебаев, Қ.Қасымов, М.Бақытжанов, О.Кенебаев, Р.Сейтметов секілді режиссерлердің сынынан өткен актриса бүгінгі таңға дейін елуден аса басты рөлдерді сомдап келеді.
Режиссер Е.Оразымбетовтің бірде: «Сен қазақ классикасына келмейсің, Еруопаша тәрбие алғансың», – деген сөзінен кейін актриса талай қиналған-ды. Осыдан кейін намысын қамшылап, қазақ драматургтерінен М.Әуезовтің «Қаракөз» пьесасында Қаракөз, «Еңлік-Кебекте» Еңлік, «Қара қыпшақ Қобыландыда» Қарлыға, Д.Исабековтің «Әпке» шығармасында Қамажай, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдым» қойылымында Эльмира, Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» пьесасында Марау, Т.Ахтановтың «Ант» туындысында Батима ханым, Ш.Құсайыновтың «Алдар көсесінде» Қарашаш, Е.Әлімжанның «Жанталасында» Сәнім, И.Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» пьесасында Гүлдана, Б.Әбілдаевтың «Айша бибісінде» Бабаәжі, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Гүлбаршын, Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» пьесасында Айгерім, Б.Әбілдаевтың «Төле биінде» Ана секілді рөлдерді сомдаса, орыс классикасынан А.Чеховтың «Ивановында» Сашенка, Х.Ерғалиевтың «Құрманғазысында» Александра, Еврепидтің «Медеясында» Сүт-ана, В.Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда, «Ричард ІІІ» пьесасында Елизавета сынды тағы басқа да көптеген рөлдерде ойнап келеді.
М.Әлімбетова 1986 жылы Республикалық театр фестивалінің дипломанты, 1996 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Тараз рухы» сыйлығының лауреаты, 1998 жылы Мәскеудегі «Әлем халықаралық өнері» қауымдастығының лауреаты атанды.
1998 жылы ҚР Еңбек сіңірген әртісі атағын иеленді.
2001 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2007 жылы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің Құрмет граммотасымен марапатталған.
М.Әлімбетова туралы жарық көрген материалдар
- Кәрім Баялиев. «Өнерлі өрісі» / «Ақ жол» газеті, 3 бет.
- Асқаржан Шырынбекұлы. «Майра» / «Ақ жол» газеті, 27 наурыз, 1993 жыл. 3-бет.
- «Өнерімді қанаттандырған басылым» / «Ақ жол» газеті, №90. 7 қараша, 1998 жыл.
- Есет Досалы. «Өнер көкке жеткізер» / «Ар-ай» газеті, 25 қаңтар, 2007 жыл.
- Әбдуәлі Әліұлы. «Үрдісінен жаңылмайды» / «Ақ жол» газеті, 7 қазан, 1998 жыл. 6-бет.