20 Ақпан 2013, 07:40
17 наурызда Алматыда Студенттер сарайында «Қазақ аруы» сұлулық байқауының финалы өтеді, деп хабарлайды Voxpopuli.kz. Дереккөзінің хабарлауынша, байқауға қатысқан 500 үміткердің арасынан 18 қыз іріктеліп шыққан. Енді бұлар қазақтың ең сүлу қызы атағы үшін бәсекеге түседі.
Байқау басталғалы бері аталған сайтта үміткерлер үшін 5 мыңға жуық адам дауыс берген екен. Әзірше ең көп дауысты байқауға Алматы облысы атынан түскен Анар Тұрғанова иеленіп тұр.
Екінші орында 19 жасар ақтөбелік бойжеткен Али-Анна Ансатбаева.
Үшінші орында ШҚО өкілі Анар Сағитова.
Бұдан әрі жамбылдық бойжеткендер Әзиза Шашубаева мен Әйгерім Сақанова, шығысқазақстандық Еңлік Саматова, алматылық Әнел Алғатай.
Үміткерлердің толық тізімін мына жерден көруге болады.Аруларға қойылар талап: қазақ тілін, дәстүрін, әдебиетін, тарихын білу, бойының 170 сантиметрден қысқа болмауы, шашының ұзын болуы.
Былтырғы жылы «Қазақ аруы» атағын алматылық Айғаным Өтепбергенова иеленген болатын.
BAQ.kz