Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жоспары әзірленуде

20 Ақпан 2013, 07:33

2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы әзірленіп, оның жобасы Үкіметке ұсынылды. Енді осы тұжырымдаманы іске асыру жоспарын бір ай ішінде дайындау міндеті тұр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті, деп хабарлайды BNews. kz тілшісі. «Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қазірде Үкімет қарауына ұсынылды. Енді бұл тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Бұл жоспарда нақты міндеттер, оларды жүзеге асыру жолдары айқындалуы тиіс. Оны бір ай ішінде дайындау міндеті тұр»,- деп атап өтті Өтешов. Ол бұл ретте мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасауы қажет деген пікірін білдірді. «Мемлекеттік органдар жастар саясатынан шет қалмай, араласуы қажет. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарын әзірлеуге мемлекеттік органдар ат салысса дейміз. Барлық ұсыныстар қарастырылады»,- деді Нұрлан Өтешов. Айымгүл Әбілева

2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы әзірленіп, оның жобасы Үкіметке ұсынылды. Енді осы тұжырымдаманы іске асыру жоспарын бір ай ішінде дайындау міндеті тұр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті, деп хабарлайды BNews. kz тілшісі.

«Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қазірде Үкімет қарауына ұсынылды. Енді бұл тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Бұл жоспарда нақты міндеттер, оларды жүзеге асыру жолдары айқындалуы тиіс. Оны бір ай ішінде дайындау міндеті тұр»,- деп атап өтті Өтешов.

Ол бұл ретте мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасауы қажет деген пікірін білдірді.

«Мемлекеттік органдар жастар саясатынан шет қалмай, араласуы қажет. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарын әзірлеуге мемлекеттік органдар ат салысса дейміз. Барлық ұсыныстар қарастырылады»,- деді Нұрлан Өтешов.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу: