Оразғали хақында

19 Ақпан 2013, 12:20

Жанымдай жақсы көретін қайным еді... Бисмилләһи! Оразғалидың жатқан жері жаратқан Алланың рахматында болсын! Театрға жұмысқа кіргенімде 1959 жылдың 13 сәуірі еді. Сол жылы Алтын Ружева (Оразғалидің келіншегі) екеуіміз М.Әуезовтың «Айман – Шолпанында» Айман мен Шолпан болып ойнадық. Оразғали Әлібектің ролін сомдады. Жақсы ойнады, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонда Оразғалидың театрға келгеніне небәрі 1 жыл болған. Сол уақыттан бастап біздер отбасымызбен тығыз араластық. Менің жұбайым Мақсұт (ол да театрдың актері) екеуіміз оларға  аға-жеңге, ал Алтын мен Оразғали екеуі бізге іні-келін болып туыстасып кеттік. 1960 жылы жаңа маусымда Оразғали Ш.Хұсайыновтың «Біздің Ғани» драмасында Ғанидың образын сомдады. Ол кезде жап-жас кезі. Халық  өте жақсы қабылдады. Өйткені оған жасаған грим мен киген киімі, өзінің жалындаған албырт сезімі қосылғанда Оразғали Ғани Мұратбаевтан аумай қалатын еді. Оның М.Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясында Асан рөлін ойнауы менің жадымда мәңгілікке қалды. Ол сомдаған Асан ақын, қайтсе де Наршаның көңілін тауып, Қаракөздің бетін ашып, ауылдың сән салтанатының шырқын бұзубады ойлайтын терең, сырлы образ болды. Ал, 1966 жылы театрдың 30 жылдығы қарсаңында Алматыға гастрольдік сапармен барғанда бес түрлі шығарма апардық. Сол спектакльдердің көбінде Оразғали мен Алтын  басты рөлдерде ойнайтын. Олардың ойнаған рөлдері Алматы көрерменін бей-жай  қалдырмады. Мысалы, А.Н.Островскийдің «Жазықсыздан жапа» спектаклінде Незнамовты, М.Әуезовың «Қаракөзінде» Асанды, А.Каһардың «Табыттан шыққан үнінде» Абиджанды, Ш.Құсайыновтың «Тоты Тамилласында» Баронды, Ә.Әбішовтың «Белгісіз Батырында» Иманды, К.Треневтің «Любовь Яроваясында» Швандяны ойнағанда Оразғалидің берілген рөлдің ішкі жан дүниесіне терең үңіліп, түсіне білгендігі туралы республикалық орталық газеттер түгел мақтап жазды. «Драматург Н.Погодиннің «Кремль куранттарында» Оразғали ойнаған матрос Рыбаковтың бойынан адалдық, достық, шынайы махаббат, коммунизмнің  ұлы ісіне берілген абзал жанды,патриоттық қасиетті көреміз. Оның өз махаббатын қорғаған жастық албырттық қылықтары да  жарасымды», – деп жазды сыншылар бұл туралы. Тағы да еске түсіріп көрейін. Біздің театрда жұмыс жасаған уақытында өте күрделі рөлдерді шыңына жеткізіп, ел құрметіне бөленіп жүрді. Әсіресе, Маман Байсеркенов қойған қойылымдарда оның таланты толық ашылды десем қателеспеймін. Қазақ драматургі С.Жүнісовтің «Тұтқындарында» Оразғалидың  орындауындағы грек халқының революционер ұлы Композитор рөлі, мұқалмас жігер иесі болды. Ол – елім, жерім деп жалындаған азаматтың  шынайы бейнесін көременге ұсынды. Өзінің әндерімен реакциялық  күштерге қарсы тұра алтын күрескер тұлғасын туғызды. Оның өмір деп  тебіренуі Оразғалидың ойнауында терең сырға толы болды. М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» Қобыландының жан серігі, жолдасы әзілқой Қараманды ойнайды. Бұл  рөлде Оразғали Қобыландының батырлығының қасында Қараманды ерекше нәзік әзілмен ойнады. Мысалы, ол барлық қаруды: шоқпар, қанжар, қалқанды асынып алып жекпе-жекке шықпақшы болады. Бірақ қызылбастың батыры Қазанның дауысын естігенде  зып етіп, алды-артына қарамай қаша жөнелетін. Міне, актердің тапқырлығы. Ол Қобыландының батыр тұлғасының қасында өзін батыр екен деп ойламайтын Қараманды сомдап, жаңа қырынан көрсетті. Нұрсипат Салықова Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі  Тараз қаласы, 15 маусым 2010 жыл

Жанымдай жақсы көретін қайным еді...

Бисмилләһи!
Оразғалидың жатқан жері жаратқан Алланың рахматында болсын!
Театрға жұмысқа кіргенімде 1959 жылдың 13 сәуірі еді. Сол жылы Алтын Ружева (Оразғалидің келіншегі) екеуіміз М.Әуезовтың «Айман – Шолпанында» Айман мен Шолпан болып ойнадық. Оразғали Әлібектің ролін сомдады. Жақсы ойнады, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонда Оразғалидың театрға келгеніне небәрі 1 жыл болған. Сол уақыттан бастап біздер отбасымызбен тығыз араластық. Менің жұбайым Мақсұт (ол да театрдың актері) екеуіміз оларға  аға-жеңге, ал Алтын мен Оразғали екеуі бізге іні-келін болып туыстасып кеттік.
1960 жылы жаңа маусымда Оразғали Ш.Хұсайыновтың «Біздің Ғани» драмасында Ғанидың образын сомдады. Ол кезде жап-жас кезі. Халық  өте жақсы қабылдады. Өйткені оған жасаған грим мен киген киімі, өзінің жалындаған албырт сезімі қосылғанда Оразғали Ғани Мұратбаевтан аумай қалатын еді.
Оның М.Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясында Асан рөлін ойнауы менің жадымда мәңгілікке қалды. Ол сомдаған Асан ақын, қайтсе де Наршаның көңілін тауып, Қаракөздің бетін ашып, ауылдың сән салтанатының шырқын бұзубады ойлайтын терең, сырлы образ болды.
Ал, 1966 жылы театрдың 30 жылдығы қарсаңында Алматыға гастрольдік сапармен барғанда бес түрлі шығарма апардық. Сол спектакльдердің көбінде Оразғали мен Алтын  басты рөлдерде ойнайтын. Олардың ойнаған рөлдері Алматы көрерменін бей-жай  қалдырмады. Мысалы, А.Н.Островскийдің «Жазықсыздан жапа» спектаклінде Незнамовты, М.Әуезовың «Қаракөзінде» Асанды, А.Каһардың «Табыттан шыққан үнінде» Абиджанды, Ш.Құсайыновтың «Тоты Тамилласында» Баронды, Ә.Әбішовтың «Белгісіз Батырында» Иманды, К.Треневтің «Любовь Яроваясында» Швандяны ойнағанда Оразғалидің берілген рөлдің ішкі жан дүниесіне терең үңіліп, түсіне білгендігі туралы республикалық орталық газеттер түгел мақтап жазды.
«Драматург Н.Погодиннің «Кремль куранттарында» Оразғали ойнаған матрос Рыбаковтың бойынан адалдық, достық, шынайы махаббат, коммунизмнің  ұлы ісіне берілген абзал жанды,патриоттық қасиетті көреміз. Оның өз махаббатын қорғаған жастық албырттық қылықтары да  жарасымды», – деп жазды сыншылар бұл туралы.
Тағы да еске түсіріп көрейін. Біздің театрда жұмыс жасаған уақытында өте күрделі рөлдерді шыңына жеткізіп, ел құрметіне бөленіп жүрді. Әсіресе, Маман Байсеркенов қойған қойылымдарда оның таланты толық ашылды десем қателеспеймін.
Қазақ драматургі С.Жүнісовтің «Тұтқындарында» Оразғалидың  орындауындағы грек халқының революционер ұлы Композитор рөлі, мұқалмас жігер иесі болды. Ол – елім, жерім деп жалындаған азаматтың  шынайы бейнесін көременге ұсынды. Өзінің әндерімен реакциялық  күштерге қарсы тұра алтын күрескер тұлғасын туғызды. Оның өмір деп  тебіренуі Оразғалидың ойнауында терең сырға толы болды.
М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» Қобыландының жан серігі, жолдасы әзілқой Қараманды ойнайды. Бұл  рөлде Оразғали Қобыландының батырлығының қасында Қараманды ерекше нәзік әзілмен ойнады. Мысалы, ол барлық қаруды: шоқпар, қанжар, қалқанды асынып алып жекпе-жекке шықпақшы болады. Бірақ қызылбастың батыры Қазанның дауысын естігенде  зып етіп, алды-артына қарамай қаша жөнелетін. Міне, актердің тапқырлығы. Ол Қобыландының батыр тұлғасының қасында өзін батыр екен деп ойламайтын Қараманды сомдап, жаңа қырынан көрсетті.

Нұрсипат Салықова
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі,
Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі 

Тараз қаласы,
15 маусым 2010 жыл

Бөлісу: