Семейде Қазақстан футболының 100 жылдығы мерекесінің эмблемасы мен медалі жасалды

19 Ақпан 2013, 12:11

Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығы мерекесінің эмблемасы мен медалі жасалды. Қазір қоғамдық қор құрылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.  Семей қаласында қала әкімінің орынбасары З.Исабаеваның төрағалығымен Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеуге қатысты отырыс болды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мұрат Күржикаевтің айтуынша, айтулы дата қарсаңында облыста 100 футбол алаңы пайдалануға беріледі. Оның 10-ы Семей қаласында ашылады. Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығы мерекесінің эмблемасы мен медалі жасалды. Қазір қоғамдық қор құрылып жатыр. Жиналыста айтылғандай, негізгі мерекелік шаралар қыркүйек айында өтетін болады. Семей шаһарына «Рубин», «Спартак» және «Динамо» командалары келеді деп күтілуде. Сондай-ақ мерекенің құрметті қонақтары ретінде кеңестік футболдың аңыздары келеді. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының мәліметі бойынша, жергілікті футбол командасының негізгі проблемалары шешілді. Оның құрамы қазақстандық спортшылардан жасақталған. Команда үшін арнайы автобус сатып алынды. BAQ.kz

Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығы мерекесінің эмблемасы мен медалі жасалды. Қазір қоғамдық қор құрылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп. 

Семей қаласында қала әкімінің орынбасары З.Исабаеваның төрағалығымен Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеуге қатысты отырыс болды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мұрат Күржикаевтің айтуынша, айтулы дата қарсаңында облыста 100 футбол алаңы пайдалануға беріледі. Оның 10-ы Семей қаласында ашылады. Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығы мерекесінің эмблемасы мен медалі жасалды. Қазір қоғамдық қор құрылып жатыр.

Жиналыста айтылғандай, негізгі мерекелік шаралар қыркүйек айында өтетін болады. Семей шаһарына «Рубин», «Спартак» және «Динамо» командалары келеді деп күтілуде. Сондай-ақ мерекенің құрметті қонақтары ретінде кеңестік футболдың аңыздары келеді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының мәліметі бойынша, жергілікті футбол командасының негізгі проблемалары шешілді. Оның құрамы қазақстандық спортшылардан жасақталған. Команда үшін арнайы автобус сатып алынды.

BAQ.kz

Бөлісу: