Асылдың сынығы Гүлнәр Міржақыпқызы дүние салды

19 Ақпан 2013, 10:54

Кеше Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлының аяулы қызы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова 98 жасқа қараған шағында дүние салды. Гүлнәр Міржақыпқызы 1915 жылы 4 қарашада Орынборда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген соң, 48 жыл бойы табан аудармастан дерматолог дәрігер болып қызмет атқарды. Асылдың тұяғы әкесі Міржақыптың және басқа да Алаш зиялылары туралы құжаттарды көзінің қарашығындай жинақтап, ең алғаш болып жарияға шығарған еді. Одақ кезінің өзінде алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейханұлының, Ахмет Байтұрсынұлының, Жүсіпбек Аймауытұлының, Міржақып Дулатұлының және тағы басқа Алаш ардақтыларының ақталуына мұрындық болған. Ал алаштықтар ақталған шақта олардың кітаптарын, құжаттарын, фотосуреттерін, хаттары мен тарихи құндылығы зор басқа да заттарын Қазақстанның көптеген мұражайларына табыстаған. Ол кісінің өзі де әдебиетпен жемісті айналысып, «Шындық шырағы» және «Алаштың сөнбес жұлдыздары» естелік кітаптарын жазды. Гүлнәр Міржақыпқызымен қоштасу 20 ақпан күні Алматыдағы Жазушылар Одағы үйінде өтеді. Baq.kz ақпараттық порталының ұжымы марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Суретте( осы ретпен) Міржақып Дулатов; Ғайнижамал Дулатова; Гүлнәр Міржақыпқызының бір жасар кезі; Міржақып пен Ғайнижамал қыздары Гүлнәрмен бірге;Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова. ( Суреттер Болат Мүрсәлімнің "Алашорда" кітап-альбомынан алынды) BAQ.kz

Кеше Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлының аяулы қызы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова 98 жасқа қараған шағында дүние салды.
Гүлнәр Міржақыпқызы 1915 жылы 4 қарашада Орынборда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген соң, 48 жыл бойы табан аудармастан дерматолог дәрігер болып қызмет атқарды. Асылдың тұяғы әкесі Міржақыптың және басқа да Алаш зиялылары туралы құжаттарды көзінің қарашығындай жинақтап, ең алғаш болып жарияға шығарған еді. Одақ кезінің өзінде алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейханұлының, Ахмет Байтұрсынұлының, Жүсіпбек Аймауытұлының, Міржақып Дулатұлының және тағы басқа Алаш ардақтыларының ақталуына мұрындық болған. Ал алаштықтар ақталған шақта олардың кітаптарын, құжаттарын, фотосуреттерін, хаттары мен тарихи құндылығы зор басқа да заттарын Қазақстанның көптеген мұражайларына табыстаған. Ол кісінің өзі де әдебиетпен жемісті айналысып, «Шындық шырағы» және «Алаштың сөнбес жұлдыздары» естелік кітаптарын жазды.
Гүлнәр Міржақыпқызымен қоштасу 20 ақпан күні Алматыдағы Жазушылар Одағы үйінде өтеді. Baq.kz ақпараттық порталының ұжымы марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Суретте( осы ретпен) Міржақып Дулатов; Ғайнижамал Дулатова; Гүлнәр Міржақыпқызының бір жасар кезі; Міржақып пен Ғайнижамал қыздары Гүлнәрмен бірге;Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова. ( Суреттер Болат Мүрсәлімнің "Алашорда" кітап-альбомынан алынды)

BAQ.kz

Бөлісу: