Сазгер Темірәлі Бақтыгереевтің шығармашылық ән кеші өтеді

18 Ақпан 2013, 11:58

Алматыдағы Студенттер  сарайында 18 ақпан күні Темірәлі Бақтыгереевтің "Барып қайт балам, ауылға!" атты ән кеші  өтеді. Әйгілі сазгердің шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған мерейтойлық кешіне Тұғышбай Жаманқұлов, Нұрлан Өнербаев, Сұлушаш Нұрмағамбетов, Рамазан Стамғазиев, Сембек Жұмағалиев, Гүлнәр Сиқымбаева, Медеу Арынбаев, Шахизада, Сүлеймен Ибрагимов және тағы басқа белгілі өнер жұлдыздары қатыспақ. Оны Гүлмира Нәлібай мен Бейсен Құранбек жүргізгелі отыр. Темірәлі Бақтыгереев 1950 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Березин ауылында өмірге келген болатын.  Алматыдағы П.Чайковский атындағы  музыкалық училище мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген ол кейін  Саратов консерваториясында оқиды.  1970 жылы баяншы ретінде Орталық Азиялық әскери ән-би ансамблінің құруға қатысқан, ол сондай-ақ,  сазгер ретінде 300-ден әннің авторы атанды. Оның А.Қадырбаеваның  "Барып қайт балам, ауылға туған, барып қайт", Ж.Қашқыновтың "Ғашықтар сенімі", Ф. Оңғарсынованың  "Сағыныш" сияқты өлеңдеріне жазған әндері жұртшылық арасында кең тараған. Автор: Ерлік Ержанұлы inform.kz

Алматыдағы Студенттер  сарайында 18 ақпан күні Темірәлі Бақтыгереевтің "Барып қайт балам, ауылға!" атты ән кеші  өтеді.

Әйгілі сазгердің шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған мерейтойлық кешіне Тұғышбай Жаманқұлов, Нұрлан Өнербаев, Сұлушаш Нұрмағамбетов, Рамазан Стамғазиев, Сембек Жұмағалиев, Гүлнәр Сиқымбаева, Медеу Арынбаев, Шахизада, Сүлеймен Ибрагимов және тағы басқа белгілі өнер жұлдыздары қатыспақ. Оны Гүлмира Нәлібай мен Бейсен Құранбек жүргізгелі отыр.

Темірәлі Бақтыгереев 1950 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Березин ауылында өмірге келген болатын.  Алматыдағы П.Чайковский атындағы  музыкалық училище мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген ол кейін  Саратов консерваториясында оқиды.  1970 жылы баяншы ретінде Орталық Азиялық әскери ән-би ансамблінің құруға қатысқан, ол сондай-ақ,  сазгер ретінде 300-ден әннің авторы атанды. Оның А.Қадырбаеваның  "Барып қайт балам, ауылға туған, барып қайт", Ж.Қашқыновтың "Ғашықтар сенімі", Ф. Оңғарсынованың  "Сағыныш" сияқты өлеңдеріне жазған әндері жұртшылық арасында кең тараған.

Автор:

inform.kz

Бөлісу: