Қазақстан жоғары білімді халық ретінде ТМД-да Әзірбайжаннан кейінгі орында

18 Ақпан 2013, 11:57

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Бұл Елбасының Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтқан сөзі. Осыған байланысты белсенді жастар да өз ойын қосып, пікірін білдірді. Бүгінгі жастардың білім алуына не кедергі? Нені оқып, нені түюіміз қажет? Осы ретте Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнiң 2-курс студентi Е.Мұзаппардың аз-кем пікірін де жариялап отырмыз. Бүгiнгi күнi елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi азаматтардың жоғары бiлiктiлiгiмен анықталатыны мәлiм. Сондықтан мемлекетiмiз бiлiм беру жүйесi болашақтың талабына сәйкес дамуы керектiгiн алға тартуда. Осы орайда Бiлiм және ғылым министрлiгi 2011– 2020 жылдарға арналған бiлiм беру бағдарламасында үздiк халықаралық стандарттар бойынша сапалы бiлiм беру мiндетiн қояды. Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшiн бәсекеге қабiлеттi, интеллектуалды адами ресурс ауадай қажет. Бұл қажеттiлiктi өтеуде жастардың орны ерекше. Ал 14–29 жас аралығындағы жастар халқының үштен бiрiн құрайтын мемлекетiмiзге сол жастарды бiлiммен қаруландырудың өзектiлiгi – дәлелдеудi қажет етпейтiн аксиома. Бұл келелi мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының барлығында көрiнiс тауып жүр. Жемiстi де жеңiстi, һәм жарқын жиырма бiр жылдағы Нұрсұлтан Әбiшұлының салиқалы, сындарлы саясаты қаншама бiлiмдi де бiлiктi кадрларды тәрбиелеп шығаруға мүмкiндiк бердi. Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен әлемнiң озық университеттерiнде қаншама жас бiлiм алып, қазiргi уақытта өз Отанына қызмет етуде. Бұл Мемлекет басшысының ерен еңбегiнiң көрiнiсi. Президент саясатының басым бағытының бiрi – жастарды жұмыспен қамту мәселесi. «Жасыл ел» жобасының өзiне 7 жыл iшiнде 160 мыңнан астам жастар тартылған. Ал «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан педагогтардың саны 1,8 есеге, дәрiгерлердiң саны 2,7 есеге артқан. «Жастар саясаты» жобасының арқасында соңғы 3 жылда 50 мыңнан астам бiтiрушi тұрақты жұмысқа орналасқан. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде жоғары бiлiм жүйесi көптеген өзгерiстерге ұшырады. Бұл ретте министрлiктiң 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында алға қойылған мақсаттарға жету механизмi – елiмiз 2010 жылы енген Болон үдерiсiнiң параметрлерiн орындау болып табылады. Қазiргi таңда елiмiздiң жоғары оқу орындары Болон декларациясының негiзгi ұстанымдарын жүзеге асырып жатыр. Жалпы, Еуроодақтың қорытындысында Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 21 орынға жақсартып, әлемнiң 144 елiнiң iшiнде 51-орынды иелендi. Ал, ТМД елдерi арасында Қазақстан Әзiрбайжаннан кейiнгi 2-орын алады. Әзірбайжандардың латын әліпбиіне көшкендігін ескерер болсақ, таңба өзгерту арқылы көп белестерді бағындырып үлгергенін де байқаған болар едік. Сөйтiп, бізде соңғы 10 жылда жоғары бiлiмдiлер саны 3 еседей артқан. Саны жағынан бұл әлемдiк тенденцияға сай келедi. Жоғары бiлiм бойынша бұл көрсеткiш одан да жоғары. Министрлiктiң академиялық мобильдiлiк бағытындағы бағдарламаларының нәтижесiнде Қазақстанның iргелi ЖОО-ның көбiнде академиялық мобильдiлiк орталықтары құрылып, студенттермен алмасу үрдiсi, екi жақты диплом бағдарламалары жүйелi жолға қойылған. Өзiм бiлiм алып жатқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнiң басым стратегиялық мақсаттары – Болондық бiлiм беру жүйесiне ену, дуальдi диплом, шетелдiк әрiптес университеттермен студенттер алмасу болып табылады. Көлденең мобильдiк бағытта университет Қытайдың жетекшi ЖОО-мен бiрлескен «екiжақты диплом» бағдарламасын жүзеге асырса, Франциямен – магистрлiк бағдарлама, ал Кореяның ЖОО-мен – «екi жақты диплом» бағдарламасы бойынша келiсiмдерге қол жеткiзген. Ал, тiк мобильдiлiк бойынша, университетiмiзде Қытайдың 60 студентi бiлiм алды. Оның iшiнде ҚХР Үкiметiнiң гранты бойынша ондағы ЖОО-да 18 студент және 14 магистрант бiлiм алуда. Биыл осы Қытай елiне барған университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, академик Сәлима Құнанбаева бастаған делегацияның жемiстi жұмысының арқасында Ухань университетiмен келiсiм жасалып, «Халықаралық қатынастар», «Экономика», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша «екiжақты диплом» бағдарламасы аясында биыл бiрiншi студенттерiн қабылдады. Ал бiзге Корея Республикасының Кён Хи университетiнде 2 жыл бiлiм алу мүмкiндiгi бұйырды. Бұл бағдарлама 1,5+2+0,5 қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бiздiң университетiмiздегi, оның iшiнде факультет шеңберiнде құрылған ғылыми мектептер аясында анықталған тақырыптар бойынша Кён Хи университетiнде «G-Global идеясының мүмкiндiктерi мен болашағы» атты тақырыппен ұзақ мерзiмдi зерттеу жобамызды жасауға мүмкiндiк туып отыр. Қазiргi уақытта жастардың «әлеуметтiк лифтi» – бiлiм. Осы ұлағатты жолда дұрыс бастау көрсетiп, мол мүмкiндiк берiп отырған Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа мемлекет басшысының саясатын орындап жатқан бiлiм және ғылым министрi Б.Т. Жұмағұловқа ұлт үшiн еткен еңбектерi үшiн, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қаты- настар және әлем тiлдерi университетiнiң ректоры, академик Сәлима Құнанбаеваға, халықаралық қатынастар факультетiнiң деканы, профессор Дәулетбек Раевқа бiлдiрген сенiмдерi үшiн зор алғысымызды бiлдiремiз. BAQ.kz

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Бұл Елбасының Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтқан сөзі. Осыған байланысты белсенді жастар да өз ойын қосып, пікірін білдірді. Бүгінгі жастардың білім алуына не кедергі? Нені оқып, нені түюіміз қажет? Осы ретте Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнiң 2-курс студентi Е.Мұзаппардың аз-кем пікірін де жариялап отырмыз.

Бүгiнгi күнi елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi азаматтардың жоғары бiлiктiлiгiмен анықталатыны мәлiм. Сондықтан мемлекетiмiз бiлiм беру жүйесi болашақтың талабына сәйкес дамуы керектiгiн алға тартуда. Осы орайда Бiлiм және ғылым министрлiгi 2011– 2020 жылдарға арналған бiлiм беру бағдарламасында үздiк халықаралық стандарттар бойынша сапалы бiлiм беру мiндетiн қояды.

Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшiн бәсекеге қабiлеттi, интеллектуалды адами ресурс ауадай қажет. Бұл қажеттiлiктi өтеуде жастардың орны ерекше. Ал 14–29 жас аралығындағы жастар халқының үштен бiрiн құрайтын мемлекетiмiзге сол жастарды бiлiммен қаруландырудың өзектiлiгi – дәлелдеудi қажет етпейтiн аксиома. Бұл келелi мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының барлығында көрiнiс тауып жүр.

Жемiстi де жеңiстi, һәм жарқын жиырма бiр жылдағы Нұрсұлтан Әбiшұлының салиқалы, сындарлы саясаты қаншама бiлiмдi де бiлiктi кадрларды тәрбиелеп шығаруға мүмкiндiк бердi. Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен әлемнiң озық университеттерiнде қаншама жас бiлiм алып, қазiргi уақытта өз Отанына қызмет етуде. Бұл Мемлекет басшысының ерен еңбегiнiң көрiнiсi. Президент саясатының басым бағытының бiрi – жастарды жұмыспен қамту мәселесi. «Жасыл ел» жобасының өзiне 7 жыл iшiнде 160 мыңнан астам жастар тартылған. Ал «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан педагогтардың саны 1,8 есеге, дәрiгерлердiң саны 2,7 есеге артқан. «Жастар саясаты» жобасының арқасында соңғы 3 жылда 50 мыңнан астам бiтiрушi тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде жоғары бiлiм жүйесi көптеген өзгерiстерге ұшырады. Бұл ретте министрлiктiң 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында алға қойылған мақсаттарға жету механизмi – елiмiз 2010 жылы енген Болон үдерiсiнiң параметрлерiн орындау болып табылады. Қазiргi таңда елiмiздiң жоғары оқу орындары Болон декларациясының негiзгi ұстанымдарын жүзеге асырып жатыр.

Жалпы, Еуроодақтың қорытындысында Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 21 орынға жақсартып, әлемнiң 144 елiнiң iшiнде 51-орынды иелендi. Ал, ТМД елдерi арасында Қазақстан Әзiрбайжаннан кейiнгi 2-орын алады. Әзірбайжандардың латын әліпбиіне көшкендігін ескерер болсақ, таңба өзгерту арқылы көп белестерді бағындырып үлгергенін де байқаған болар едік. Сөйтiп, бізде соңғы 10 жылда жоғары бiлiмдiлер саны 3 еседей артқан. Саны жағынан бұл әлемдiк тенденцияға сай келедi. Жоғары бiлiм бойынша бұл көрсеткiш одан да жоғары. Министрлiктiң академиялық мобильдiлiк бағытындағы бағдарламаларының нәтижесiнде Қазақстанның iргелi ЖОО-ның көбiнде академиялық мобильдiлiк орталықтары құрылып, студенттермен алмасу үрдiсi, екi жақты диплом бағдарламалары жүйелi жолға қойылған.

Өзiм бiлiм алып жатқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнiң басым стратегиялық мақсаттары – Болондық бiлiм беру жүйесiне ену, дуальдi диплом, шетелдiк әрiптес университеттермен студенттер алмасу болып табылады. Көлденең мобильдiк бағытта университет Қытайдың жетекшi ЖОО-мен бiрлескен «екiжақты диплом» бағдарламасын жүзеге асырса, Франциямен – магистрлiк бағдарлама, ал Кореяның ЖОО-мен – «екi жақты диплом» бағдарламасы бойынша келiсiмдерге қол жеткiзген. Ал, тiк мобильдiлiк бойынша, университетiмiзде Қытайдың 60 студентi бiлiм алды. Оның iшiнде ҚХР Үкiметiнiң гранты бойынша ондағы ЖОО-да 18 студент және 14 магистрант бiлiм алуда. Биыл осы Қытай елiне барған университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, академик Сәлима Құнанбаева бастаған делегацияның жемiстi жұмысының арқасында Ухань университетiмен келiсiм жасалып, «Халықаралық қатынастар», «Экономика», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша «екiжақты диплом» бағдарламасы аясында биыл бiрiншi студенттерiн қабылдады.

Ал бiзге Корея Республикасының Кён Хи университетiнде 2 жыл бiлiм алу мүмкiндiгi бұйырды. Бұл бағдарлама 1,5+2+0,5 қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бiздiң университетiмiздегi, оның iшiнде факультет шеңберiнде құрылған ғылыми мектептер аясында анықталған тақырыптар бойынша Кён Хи университетiнде «G-Global идеясының мүмкiндiктерi мен болашағы» атты тақырыппен ұзақ мерзiмдi зерттеу жобамызды жасауға мүмкiндiк туып отыр.

Қазiргi уақытта жастардың «әлеуметтiк лифтi» – бiлiм. Осы ұлағатты жолда дұрыс бастау көрсетiп, мол мүмкiндiк берiп отырған Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа мемлекет басшысының саясатын орындап жатқан бiлiм және ғылым министрi Б.Т. Жұмағұловқа ұлт үшiн еткен еңбектерi үшiн, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қаты- настар және әлем тiлдерi университетiнiң ректоры, академик Сәлима Құнанбаеваға, халықаралық қатынастар факультетiнiң деканы, профессор Дәулетбек Раевқа бiлдiрген сенiмдерi үшiн зор алғысымызды бiлдiремiз.

BAQ.kz

Бөлісу: