Қауіпсіздік белдіктеріне - 100 жыл

18 Ақпан 2013, 11:55

Қауіпсіздік белдігінің ойлап табылғанына - 100 жыл толды. Қауіпсіздік белдігі дамудың ұзақ және ауыр жолынан өтті. Олар берік болу үшін көптеген эксперименттер мен даулар болды. Ең қызығы, қауіпсіздік белдігі бастапқыда автокөліктер үшін ойлап шығарылмаған. Тұңғыш рет қауіпсіздік белдігіне 1800 жылы Джордж Кейли сипаттама берді. Ағылшын өнертапқышы белдікті салмағы ауадан ауыр өзінің ұшу аппараты ұшқышының қауіпсіздігі үшін пайдалануды жоспарлады. Тек 1913 жылы француз Адольф Пегу алғашқы болып өзінің ұшағының кабинасына байланған белдіктерді орнатты. Француздық ұшқышты мұндай тәжірибеге баруға, оның аэропланмен баспен төмен ұшып көру қызығушылығы итермеледі. Белдіксіз акробат ашық ұшақтан құлап түсуі бек мүмкін еді. Тек бірнеше ондаған жылдан кейін белдік аспаннан жерге түсті. 1950 жылдың басында америкалық конструктор Кеннет Лигон және оның ағасы Боб Лигон автокөліктерге арналған жылдам шешілетін қауіпсіздік белдігін патенттеді, олар екі нүктеде бекітіліп, белді айналдыра ұстап тұрды. 1959 жылы Нильс Болин патенттеген үш жақтан бекітілетін белдіктер алғаш рет VOLVO P120 Amazon және  VOLVO PV 544 көліктері үшін штаттық құрылғы ретінде пайдаланылды. Небәрі бірнеше жыл өткен соң қауіпсіздік белдіктері көптеген көліктердің алдыңғы орындықтары үшін стандартты құрылғыға айналды. Швецияда қауіпсіздік белдіктері міндетті қолданысқа - 1957 жылы, АҚШ-та - 1961, Францияда - 1970 және КСРО-да 1975 жылы енгізілді. ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті еске салады! Қауіпсіздік белдіктері сағатына 65 шақырыммен апатқа ұшыраған көліктегі адамның өмірін кепілді түрде сақтап қалады, ал жылдамдық одан да жоғары болған кезде, белдікті тағынған адамның тірі қалу мүмкіндігі 70 пайызға артады. Автор: Қанат Мәметқазыұлы inform.kz

Қауіпсіздік белдігінің ойлап табылғанына - 100 жыл толды. Қауіпсіздік белдігі дамудың ұзақ және ауыр жолынан өтті. Олар берік болу үшін көптеген эксперименттер мен даулар болды. Ең қызығы, қауіпсіздік белдігі бастапқыда автокөліктер үшін ойлап шығарылмаған.

Тұңғыш рет қауіпсіздік белдігіне 1800 жылы Джордж Кейли сипаттама берді. Ағылшын өнертапқышы белдікті салмағы ауадан ауыр өзінің ұшу аппараты ұшқышының қауіпсіздігі үшін пайдалануды жоспарлады.

Тек 1913 жылы француз Адольф Пегу алғашқы болып өзінің ұшағының кабинасына байланған белдіктерді орнатты. Француздық ұшқышты мұндай тәжірибеге баруға, оның аэропланмен баспен төмен ұшып көру қызығушылығы итермеледі. Белдіксіз акробат ашық ұшақтан құлап түсуі бек мүмкін еді. Тек бірнеше ондаған жылдан кейін белдік аспаннан жерге түсті.

1950 жылдың басында америкалық конструктор Кеннет Лигон және оның ағасы Боб Лигон автокөліктерге арналған жылдам шешілетін қауіпсіздік белдігін патенттеді, олар екі нүктеде бекітіліп, белді айналдыра ұстап тұрды.

1959 жылы Нильс Болин патенттеген үш жақтан бекітілетін белдіктер алғаш рет VOLVO P120 Amazon және  VOLVO PV 544 көліктері үшін штаттық құрылғы ретінде пайдаланылды. Небәрі бірнеше жыл өткен соң қауіпсіздік белдіктері көптеген көліктердің алдыңғы орындықтары үшін стандартты құрылғыға айналды.

Швецияда қауіпсіздік белдіктері міндетті қолданысқа - 1957 жылы, АҚШ-та - 1961, Францияда - 1970 және КСРО-да 1975 жылы енгізілді.

ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті еске салады! Қауіпсіздік белдіктері сағатына 65 шақырыммен апатқа ұшыраған көліктегі адамның өмірін кепілді түрде сақтап қалады, ал жылдамдық одан да жоғары болған кезде, белдікті тағынған адамның тірі қалу мүмкіндігі 70 пайызға артады.

Бөлісу: