Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, ОАУ Машина құрастыру және көлік институтының директоры:
- Атырау мен Ақтауда мұнай өндіре ме, мұнайшыларды дайындау керек. Алматыға келіп ақшасы бар адам оқи берсін, ал мемлекеттік тапсырыс міндетті түрде болуы керек. Мысалы, қазір Алматының 100 шақырым маңында
бірде-бір аграрлық кешен жоқ, ал мал дәрігерін алаңда отырып дайындап отырмыз. Бұл ақылға қонымсыз. Сондықтан қайта орналастыру керек. Маманы, өндірісі, инвестициясы өнімі бір болуы керек, сонда Елбасы айтқандай аймақтарды дамытамыз.