Аққулардың бәрі бірдей махаббатқа адал емес. Пәк сезімнің символына айналған құстардың мінез-құлқы мен генетикалық ерекшелігін зерттеген ғалымдар олардың да «көзге шөп салу» әдеттері бар екенін анықтады. Zdrav.kz порталының хабарлауынша, ғалымдар түрлі жануарлар аталықтарының ДНК-сына талдау жүргізген. Соның нәтижесінде осы кезге дейін генетикасы бойынша моногамды саналып келген аң-құстардың көбінің шағылысу тәжірибесіне келгенде жұптық адалдықты сақтай бермейтіні расталды. Әсіресе махаббат пен адалдықтың нышанына айналған аққулардың да жеңіл жүріске әуестігі ғалымдарды таңғалдырды. Ғалымдардың есебінше, бүгінде ғаламшарымызды мекен ететін барлық 4000-нан астам жануар түрінің 3-5%-ы ғана моногамды.
http://i-news.kz