Елордада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады

16 Ақпан 2013, 15:19

Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда.  Мұнда «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеге келушілер екі елдің суретшілері түрлі техника мен жанрда орындаған көркем еңбектерді: натюрморттар, портреттер мен пейзаждарды көріп тамашалай алады, деп жазады елорданың ресми сайты. «Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар. Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған. BAQ.kz

Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда. 

Мұнда «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеге келушілер екі елдің суретшілері түрлі техника мен жанрда орындаған көркем еңбектерді: натюрморттар, портреттер мен пейзаждарды көріп тамашалай алады, деп жазады елорданың ресми сайты.

«Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар.

Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған.

BAQ.kz

Бөлісу: