Әлем кубогына қатысатын балуандар іріктелді

15 Ақпан 2013, 11:55

Наурыздың 2-сі мен 3-і күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда әйелдер күресінен Әлем кубогы өтеді. Осыған орай, кеше бас бапкер Гүзел Манюрова бастаған ұлттық құрамамыз журналистерге арнап ашық жаттығу өткізіп, дүбірлі додаға қатысатын балуандардың есімдерін жариялады. Иә, күрес түрлері 2020 жылғы Олим­пиа­да ойындарының бағдарламасына енбей қалуы мүмкін деген әңгіме бүкіл әлемде күрессүйер қауым арасында дүр­бе­лең туғызды. Бірақ ХОК осылай шешті екен деп ешкім де бағдар­ла­ма­ла­рын­дағы бәсекелерінен бас тарта қой­май­тыны белгілі. Ақпанның 19-ы мен 22-сі ара­лы­ғын­да Иран астанасы Тегеранда грек-рим және еркін күрестен Әлем кубогы өтсе, әйелдер арасындағы дәл осындай бәсеке көктемнің алғашқы күндері Моңғолия астанасында ұйым­дас­ты­ры­ла­ды. Командалық дода болып саналатын әйел­дер арасындағы Әлем кубогына бүгінгінің үздік сегіз құрамасы қатысады. Яғни соңғы әлем чемпионатында үздік сегіздікке енген құрамалар ғана бұл додаға жолдама алған. Атап айтсақ, Ұлан-Батырда біздің қыздардан бөлек, Жапо­ния, Қытай, АҚШ, Канада, Белоруссия, Үн­дістан және Моңғолия балуандары белдеседі. Лондон Олимпиадасынан кейін Қазақ­стан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Гүзел Манюрова жеті салмақта тоғыз балуанды іріктеп алыпты. Қыздарымыздың қарымы туралы, жалпы бас бапкердің өзінен сұрауды жөн көрдік. Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы: 48 келі. Зүлфия Яхъярова, 51 келі. Татьяна Аманжол мен Жұлдыз Ешімова, 55 келі. Ақзия Дәуітбаева мен Гүлшахарат Таласова, 59 келі. Людмила Миронова, 63 келі. Дарья Хамдиева, 67 келі. Зарина Құнанғараева, 72 келі. Елмира Сыздықова. Гүзел Манюрова, Әйелдер күресінен Қазақ­стан ұлттық құрамасының бас бап­кері: – Негізі, регламент бойынша Әлем кубо­гына әр салмақтан бір-бір балуан­нан қосуға болады. Сондай-ақ қосалқы құрам­ға екі балуанды тіркеуге рұқсат. Біз тоғыз аруды іріктедік. 51 келідегі Жұл­дыз Ешімова мен 55 келідегі Гүл­ша­харат Тала­сова қосалқы құрамда қала­ды. Өкінішке қарай, Жұлдыз жара­қа­тынан кейін әлі бабы­­на келе алмай жүр. – Тізімге өзіңіз енбей қалыпсыз ғой... – Өткен жылы Канадада бапкер де болып көрдім, белдесіп, балуан да болдым. Екі тізгінді қатар алып жүрген өте қиын екен. Бір жағынан бозкілемге шығуың керек, екінші жағынан шәкіртіңді белдесуге дайын­­дауың қажет. Не істерімді білмей, басым қатып кеткен. Сөйтіп, осы жылы бозкі­лемге шықпай-ақ қоюды жөн деп шеш­тім. Бапкер болып тәжірибе жинақтап алайын. Жарты жылдан кейін жаттығуым­ды қайта бастайтын боламын. – Гүзел, 2020 жылғы Олимпиада ойын­дарының бағдарламасына күрес түр­лері енбей қалуы мүмкін. Бұл жайлы не айтасыз? – Халықаралық Олимпиада коми­те­тінің бұл шешімі өте күлкілі. Білместік деуге болады. Күрес, атлетика, бессайыс сынды спорт түрлері ежелден келе жатыр. Олим­пиада ойындарының бағдарламасында әу бас­тан бар. Неліктен «бүйректен сирақ» шығарып отырғандарын өзім де түсінбей отырмын. Жаңаберген Қармандаев, Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы: – Белдесу өнері – әлемдегі ең ежелгі спорт түрінің бірі. Бүкіл әлемге танымал. Сондықтан Халық­аралық Олимпиада коми­тетінің күресті 2020 жылғы Олим­пиа­да ойындарының бағдар­лама­сынан алып тастау туралы шығарған шешімі – ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ, бәрі сәтті аяқталады деп үміттенеміз. Өйт­ке­ні күресі дамыған елдердің ешқайсысы да қарап қалмайтыны белгілі. Бұған жол берілмеуі үшін біз де өз тара­пы­мыз­дан қолымыздан келгеннің бар­лы­ғын жасаймыз. Мәселен, қазір ХОК-қа хат дайындап жатырмыз. Біз секілді өзге елдер де бұл мәселеге бел шеше кіріскен. Сондай-ақ жақын­да Тай­ланд­тың Паттайя қала­сында ФИЛА Бюро мү­шелерінің кеңесі өтеді. Сонда күрес­тің ереже­лері талқыланып, артық-кем­ші­ліктері зерделенеді. Осыдан кейін спорттың бұл түрі одан сайын тартымды болып, ХОК-тың күресті Олимпиада ойын­дарының бағ­дарламасына қайта қосудан басқа амалдары қалмайды деп ойлай­мын. Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ Алаш айнасы  

Наурыздың 2-сі мен 3-і күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда әйелдер күресінен Әлем кубогы өтеді. Осыған орай, кеше бас бапкер Гүзел Манюрова бастаған ұлттық құрамамыз журналистерге арнап ашық жаттығу өткізіп, дүбірлі додаға қатысатын балуандардың есімдерін жариялады.

Иә, күрес түрлері 2020 жылғы Олим­пиа­да ойындарының бағдарламасына енбей қалуы мүмкін деген әңгіме бүкіл әлемде күрессүйер қауым арасында дүр­бе­лең туғызды. Бірақ ХОК осылай шешті екен деп ешкім де бағдар­ла­ма­ла­рын­дағы бәсекелерінен бас тарта қой­май­тыны белгілі. Ақпанның 19-ы мен 22-сі ара­лы­ғын­да Иран астанасы Тегеранда грек-рим және еркін күрестен Әлем кубогы өтсе, әйелдер арасындағы дәл осындай бәсеке көктемнің алғашқы күндері Моңғолия астанасында ұйым­дас­ты­ры­ла­ды.

Командалық дода болып саналатын әйел­дер арасындағы Әлем кубогына бүгінгінің үздік сегіз құрамасы қатысады. Яғни соңғы әлем чемпионатында үздік сегіздікке енген құрамалар ғана бұл додаға жолдама алған. Атап айтсақ, Ұлан-Батырда біздің қыздардан бөлек, Жапо­ния, Қытай, АҚШ, Канада, Белоруссия, Үн­дістан және Моңғолия балуандары белдеседі.

Лондон Олимпиадасынан кейін Қазақ­стан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Гүзел Манюрова жеті салмақта тоғыз балуанды іріктеп алыпты. Қыздарымыздың қарымы туралы, жалпы бас бапкердің өзінен сұрауды жөн көрдік.

Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы:

48 келі. Зүлфия Яхъярова, 51 келі. Татьяна Аманжол мен Жұлдыз Ешімова, 55 келі. Ақзия Дәуітбаева мен Гүлшахарат Таласова, 59 келі. Людмила Миронова, 63 келі. Дарья Хамдиева, 67 келі. Зарина Құнанғараева, 72 келі. Елмира Сыздықова.

Гүзел Манюрова, Әйелдер күресінен Қазақ­стан ұлттық құрамасының бас бап­кері:

– Негізі, регламент бойынша Әлем кубо­гына әр салмақтан бір-бір балуан­нан қосуға болады. Сондай-ақ қосалқы құрам­ға екі балуанды тіркеуге рұқсат. Біз тоғыз аруды іріктедік. 51 келідегі Жұл­дыз Ешімова мен 55 келідегі Гүл­ша­харат Тала­сова қосалқы құрамда қала­ды. Өкінішке қарай, Жұлдыз жара­қа­тынан кейін әлі бабы­­на келе алмай жүр.

– Тізімге өзіңіз енбей қалыпсыз ғой...

– Өткен жылы Канадада бапкер де болып көрдім, белдесіп, балуан да болдым. Екі тізгінді қатар алып жүрген өте қиын екен. Бір жағынан бозкілемге шығуың керек, екінші жағынан шәкіртіңді белдесуге дайын­­дауың қажет. Не істерімді білмей, басым қатып кеткен. Сөйтіп, осы жылы бозкі­лемге шықпай-ақ қоюды жөн деп шеш­тім. Бапкер болып тәжірибе жинақтап алайын. Жарты жылдан кейін жаттығуым­ды қайта бастайтын боламын.

Гүзел, 2020 жылғы Олимпиада ойын­дарының бағдарламасына күрес түр­лері енбей қалуы мүмкін. Бұл жайлы не айтасыз?

– Халықаралық Олимпиада коми­те­тінің бұл шешімі өте күлкілі. Білместік деуге болады. Күрес, атлетика, бессайыс сынды спорт түрлері ежелден келе жатыр. Олим­пиада ойындарының бағдарламасында әу бас­тан бар. Неліктен «бүйректен сирақ» шығарып отырғандарын өзім де түсінбей отырмын.


Жаңаберген Қармандаев, Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы:

– Белдесу өнері – әлемдегі ең ежелгі спорт түрінің бірі. Бүкіл әлемге танымал. Сондықтан Халық­аралық Олимпиада коми­тетінің күресті 2020 жылғы Олим­пиа­да ойындарының бағдар­лама­сынан алып тастау туралы шығарған шешімі – ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ, бәрі сәтті аяқталады деп үміттенеміз. Өйт­ке­ні күресі дамыған елдердің ешқайсысы да қарап қалмайтыны белгілі. Бұған жол берілмеуі үшін біз де өз тара­пы­мыз­дан қолымыздан келгеннің бар­лы­ғын жасаймыз. Мәселен, қазір ХОК-қа хат дайындап жатырмыз. Біз секілді өзге елдер де бұл мәселеге бел шеше кіріскен. Сондай-ақ жақын­да Тай­ланд­тың Паттайя қала­сында ФИЛА Бюро мү­шелерінің кеңесі өтеді. Сонда күрес­тің ереже­лері талқыланып, артық-кем­ші­ліктері зерделенеді. Осыдан кейін спорттың бұл түрі одан сайын тартымды болып, ХОК-тың күресті Олимпиада ойын­дарының бағ­дарламасына қайта қосудан басқа амалдары қалмайды деп ойлай­мын.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ
Алаш айнасы

 

Бөлісу: