«Жоғары оқу орындарында ескірген және сұранысқа ие емес пәндерді қысқарту бойынша жұмыс қолға алынады. Қазір міндетті және таңдау бойынша пәндер тобы бар екені белгілі. 2014 жылдан 70 пайыз пәндерді студенттер өздері таңдайды, ал 30 пайызы міндетті болады. Келесі жылдан осындай тәжірибені енгізбекшіміз»,- деді Сүлейменов.
Сондай-ақ ол орта және жоғары білім жүйесін мемлекеттік- жеке меншік серіктестік қағидасы негізінде дамытуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Электрондық оқытуды дамыту да маңызды міндеттердің қатарында болмақ.
Айымгүл Әбілева