Австралияда әлемдегі ең алып телескоп орнатылмақ. «Харлингтон» атты жаңа оптикалық аспап арқылы астраномдарға аспан денелерін терең зерттеуге мүмкіндік туындайды.
Оның салмағы 4 тонна және бұл телескопты қашықтықтан басқаруға болды. Осылайша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар бір-бірімен байланысын үзбей ғылыми зерттеу жұмыстарын атқара алады. Сонымен қатар, жаңа құрылғының көмегімен астраномдар «Құс жолы» мен өзге галактика жұлдыздарын зерттемекші. Мамандар телескопты ақпан айының соңына дейін орнатуды жоспарлап отыр.