Бүгін шаршы алаңға Өзбекстан мен Украина боксшылары шығады

14 Ақпан 2013, 10:32

Бүгін Астанадағы Дәулет спорт сарайында бокстан Украина мен Өзбекстан және Қазақстан, Әзірбайжан ұлттық құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Төрт құраманың да боксшылары кездесуге тас-түйін дайын.  Алғашқы жекпе-жектер санаулы уақыттарда басталады. Шаршы алаңда алғаш болып Украина мен Өзбекстан боксшылары күш сынасады. Сағат кешкі 17.00-де Қазақстан құрамасы әзірбайжандық боксшылардың дайындығын сынап көрмек. Жолдастық кездесулер 17 ақпанға дейін жалғасады. Ертең Қазақстан Өзбекстан құрамасымен және жексенбі күні Украинамен кім мықтыны аныктайды. Жекпе-жектер шлемсіз өтіп жатыр. BAQ.kz

Бүгін Астанадағы Дәулет спорт сарайында бокстан Украина мен Өзбекстан және Қазақстан, Әзірбайжан ұлттық құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Төрт құраманың да боксшылары кездесуге тас-түйін дайын. 
Алғашқы жекпе-жектер санаулы уақыттарда басталады. Шаршы алаңда алғаш болып Украина мен Өзбекстан боксшылары күш сынасады.
Сағат кешкі 17.00-де Қазақстан құрамасы әзірбайжандық боксшылардың дайындығын сынап көрмек.
Жолдастық кездесулер 17 ақпанға дейін жалғасады. Ертең Қазақстан Өзбекстан құрамасымен және жексенбі күні Украинамен кім мықтыны аныктайды. Жекпе-жектер шлемсіз өтіп жатыр.

BAQ.kz

Бөлісу: