14 Ақпан 2013, 10:30
Спортшының сөзіне қарағанда, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында ірі спорттық кешен құрылысын жүргізу мәселесі Атырау облысы әкімімен келісілген.
«Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Спорттық нысанның бой көтеретін орыны белгіленіп қойды. Болашақта спортқа жақын балалар мұнда бокс, таэквондо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатын болады», деді С.Сәпиев баспасөз мәслихатында.
Олимпиада чемпионы бокспен айналысатын жеткіншектермен кездесіп, шеберлік класын өткізді.