Қазақ эстрадасында мен жақсы көретін бір қыз бар. Даусының бояуы ғажап. Теледидарда ол ән айтып тұрғанда басқа бөлмеде болсаңыз, оны көрмей-ақ, бірден танисыз. Оның ешкімге ұқсамайтын ерекше тембрі бар.
Оның әнге деген талғамы өте жоғары. Өзіне не керек екенін біледі, өз дауысына, табиғатына лайық әндерді жаңылыспай табады. Өзі орындайтын әндердің мән-мағынасын, терең құпиясын ерекше сезімталдықпен жеткізеді.
Индира Расылханмен 1997 жылы таныстым. Өнерден отбасын жоғары қойып, «сүйіктім… бала-шағам…» деп жүргенде бойындағы таланты тұншыға берді. Алайда, Алла тағала өзі берген дарынын өзі қайта тартып алмайтыны анық. Өнер де – Алладан қонған қасиет. Индира соны дер кезінде түсініп, бойындағы булыққан өнердің көзін қайта ашып, өнер өлкесіне қайта оралды. Әттең, бір композитормен әп-әдемі әндерді дүниеге келтіріп, өте үйлесімді шығармашылық жұп құрып, енді-енді таныла бастаған шағында тағдыр Индираға басқа сынақ жіберді. Композитор екеуінің арасында түсініспеушіліктер туындады. Ол Индирадан барлық әндерін тартып алды. Өзінің әндерін айтуына мүлде тыйым салды. Жалпы, қазақ өнерпаздарының арасындағы осындай пәндәуи қарым-қатынастардың кесірі Ұлы мәртебелі Өнерге тиіп кетіп жататыны қынжылтады. Сондайда еріксіз «әттең!..» дейсің. Осы өзіміз жиі «ұқсап бағуға» тырысатын орыстардың да шығармашылық жұптары бірде бірігіп, бірде тарап жатады, бірақ олардың жеке басындағы мәселелер Өнерге қиянатын тигізбейтін секілді. Олардың бірде-бір композиторы туралы «әншіге әнін айтуға тыйым салыпты» дегенді, өз басым, естімеппін.
Солайша, аңғал, аңқау Индираның сағы сынып, енді ғана қадам басқан ән әлемінен тағы біраз уақыт қол үзіп қалды. Қаншама қиындықтарды да көрді. Ол өзінің тағдыры, әрине…
Бірде «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Ақжүніс» бағдарламасына ән айтуға шақырдым. Ермек Елгезековтің «Балалық шақ» әнін айтқанда, жұрт жас әншінің дауысына тамсана қол соқты. Көп кешікпей осы әнге клип түсірді. Бұл әннен, бұл клиптен Индираның балалығы, тазалығы есіп тұрды. Ал шоу-бизнестің заңы қатал. Шайнап-шайнап, лақтыра салады… Аздаған «қасқыр мінезің» болмаса, қанша жерден талантты болсаң да, ешкім болмай қалуың ғажап емес. Индираның табиғатында сахнаға керек нәрсенің бәрі бар: табиғи дарын, сырлы дауыс, сыр-сымбат, кескін-келбет, ой да, бой да… Сахналық образы сұлу, әдемі, оған қарап эстетикалық ләззат аласың. Тек… «Бір кем дүние» демекші, Индираға жетпейтін бір нәрсе – тәжірибе аз, жанкештілік жоқ. Талмай еңбектену жоқ. Бір ән айтып жарқ етеді де, жоқ болып кетеді. Арада бірталай уақыт өткенде және бір ән айтады да, жоқ болады. Әрине, отбасын, бала-шағаны ойлау керек, бірақ өнерін де шетке ысырып тастамай, қатар алып жүрсе деген тілек біздікі. Өйткені Индираның әнін, дауысын сағынамыз. Индираның адамшылығына, қарапайымдылығына риза боласың. Оның дауысында ерекше сыр бар. Әншінің орындауындағы «Мұңайма», «Әдемі қыз», «Жас қайың», «Ғажайып түс» әндерін қанша тыңдасаң да жалықпайсың. «Әдемі қызды» ерекше әсерлі етіп шығарды. «О, бәрекелді, жарайсың!» деп қол соқтық. Ал «Жас қайың» әні – Индираның «паспорты». Мұзбалақ ақын Мұқағали тірі жанға айтпас ішкі сыр-мұңын, қуаныш-қайғысын ақ қайыңға түйдек-түйдегімен төгіп-төгіп жіберген болса, сазгер Алмахан Кенжебекова ол өлеңнің бояуын тым айшықтай түсетін ән жазды. Өлең мен әннің қырық қатпары бір-бірімен
ерекше үйлесімділік тапқаны өз алдына, әнші Индира сол қырық қатпардың ұңғыл-шұңғылына бойлай білді. Әр сөздің, әр нотаның құпиясына терең үңілді, оның сырлы дауысы ғана емес, жан-жүрегі, бүкіл жүйке-жүйесі, бар тұлғасы өлең мен әннің астарымен ұштасып кете барды. Айрықша нақыш деген осы болса керек. Бұл тұста әннің өңдеуін келістірген Ермек Елгезековтің еңбегі де орасан. Индира бойындағы өнерін шыңдай түсуге Ерекең продюсер ретінде де аз-кем еңбек сіңірді. Қазір біздің білуімізше, Индираның продюсері жоқ. Ең үлкен «әттеген-ай» да осы. Әнші қызымыз жақсы продюсермен жұмыс істеуі керек. Білікті продюсер керек. Ол Индираның сахналық образына қандай да бір штрихтар қосса, талапты, мақсатты (планканы) биіктете түссе, алмастай жана түссе, әнші бұдан да өткірлене, жарқырай түсер еді. Әрине, Индира Расылханды осы қалпында да жұрт жақсы көреді, іздейді, күтеді, сағынады. Индирада талай әншілерді он орайтын мүмкіндік бар. Тек уақыт оздырып алмай, сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана білсе деген тілегіміз бар. Ал өзі құрған «Асу» тобы Индираға кедергі келтірмесе, пайда әкелмейді. Уақытын жейді. Индира «Асумен» емес, жеке ән айтса әлдеқайда тартымды, өтімді деп ойлаймын.
Айтпақшы, Индираның Айдина, Дарина есімді егіз қызы, Аслан атты ұлы бар еді, таяуда ғана әнші қызымыз төртінші нәрестесін өмірге әкелді. Атын Райана деп қойыпты. Бауы берік болсын!
Сәуле ӘБЕДИНОВА
Ақжүніс