Қазақстандық боксшылар Венгриядан бес медальмен оралды

13 Ақпан 2013, 10:48

«Қазақстандық алты боксшы Венгриядан бес медальмен оралды. Олар «Мемориал Иштвана Боская» 57-ші халықаралық турниріне қатысқан болатын, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. «Әлемнің 23 елінің өкілдері қатысқан беделді турнирде бірінші орынға отандасымыз Азат Махметов ие болды. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын ойсырата жеңді. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс медальді Мерім Нұрсұлтанов алды. Қола жүлдемен оралғандар – Рустам Рустамов (56 келі), Ерік Алжанов (75 келі) және Олжас Бұқаев (+91 келі)», - делінген ақпаратта. BNews.kz

«Қазақстандық алты боксшы Венгриядан бес медальмен оралды. Олар «Мемориал Иштвана Боская» 57-ші халықаралық турниріне қатысқан болатын, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

«Әлемнің 23 елінің өкілдері қатысқан беделді турнирде бірінші орынға отандасымыз Азат Махметов ие болды. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын ойсырата жеңді. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс медальді Мерім Нұрсұлтанов алды.

Қола жүлдемен оралғандар – Рустам Рустамов (56 келі), Ерік Алжанов (75 келі) және Олжас Бұқаев (+91 келі)», - делінген ақпаратта.

BNews.kz

Бөлісу: