14-15 ақпан күндері Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Бір кем дүние» атты драманың премьерасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталмыш қойылым Шерхан Мұртазаның «Текебұрқақ» әңгімесінің желісі бойынша жасалған. Шығарманың сахналық нұсқасын жазып, Қаллеки театрының сахнасында тұсауын кескелі отырған режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Режиссер осыған дейін де А.Сейдімбековтің «Күзеуде», Б. Васильевтің «Завтра была война» шығармаларының сахналық нұсқасын жазып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген болатын.
«Бір кем дүние» драмасы адам мен табиғат арасындағы байланысты саралап, адамның табиғат пен өзге де жаратылыс иелеріне деген салғырттығын, қатыгездігін сахналық оқиғамен көрсетуге ұмтылады», - делінген театрдың ақпаратында.
Кенжекей Тоқтамұрат