Аспан денелеріне ғаламтор арқылы атау беріледі

13 Ақпан 2013, 06:31

Плутон ғаламшарының екі табиғи серігіне ғаламтордағы дауыс берудің нәтижесі бойынша ат қойылады. Аспан денелері көне грек-рим мифологиясындағы кейіпкерлер есімімен аталуы керек.  «Росбалт» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әзірше «Р4» және «Р5» аталатын Плутон серіктерін ашқан мамандар оларға атау беруді ғаламтор тұтынушыларының еншісіне қалдырып отыр. Ол үшін Pluto Rocks деп аталатын сайт ашылған. Онда грек-рим аңыз­дарындағы өлілер мекені – Аид пат­шалығымен байланысты 12 кейіпкердің аты берілді. Осылардың арасынан көп дауысқа ие болған екі есім аспан денелеріне телінеді. Әзірше Стикс және Цербер атаулары көш бастап келеді. Дауыс беру ақпанның 25-інде аяқ­талады. Айта кетейік, Күн жүйесіндегі ергежейлі ғаламшарлардың ірілерінің бірі – Плутонның бес табиғи серігі бар. Олардың соңғы екеуі 2011 және 2012 жылдары ашылды. Алаш айнасы

Плутон ғаламшарының екі табиғи серігіне ғаламтордағы дауыс берудің нәтижесі бойынша ат қойылады. Аспан денелері көне грек-рим мифологиясындағы кейіпкерлер есімімен аталуы керек. 
«Росбалт» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әзірше «Р4» және «Р5» аталатын Плутон серіктерін ашқан мамандар оларға атау беруді ғаламтор тұтынушыларының еншісіне қалдырып отыр. Ол үшін Pluto Rocks деп аталатын сайт ашылған. Онда грек-рим аңыз­дарындағы өлілер мекені – Аид пат­шалығымен байланысты 12 кейіпкердің аты берілді. Осылардың арасынан көп дауысқа ие болған екі есім аспан денелеріне телінеді. Әзірше Стикс және Цербер атаулары көш бастап келеді. Дауыс беру ақпанның 25-інде аяқ­талады. Айта кетейік, Күн жүйесіндегі ергежейлі ғаламшарлардың ірілерінің бірі – Плутонның бес табиғи серігі бар. Олардың соңғы екеуі 2011 және 2012 жылдары ашылды.

Алаш айнасы

Бөлісу: