Майкл Джексонның қалпағы бәссаудада сатылды

13 Ақпан 2013, 06:28

Парижде өткен Drouot бәссаудасында поп-музыканың патшасы Майкл Джексонның қалпағы 8,5 мың еуроға сатылды.  Алтындатылған түймелігі бар, Maddest Hatter қара фетр қалпағы 1984 жылы шығарылды, оның ішкі жағында «Арнайы Майкл Джексон үшін жасалған» деген жазу бар. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды. 1984 жылдың 25 тамызында Нью-Йоркте берген концертінен кейін Джексон бұл қалпақты американдық орындаушы Джонатан Дэвиске сыйлаған. Қалпаққа қосымша Дэвистің 2008 жылдың 15 тамызындағы хаты мен оның сол концертке VIP-билеті берілді. BAQ.kz

Парижде өткен Drouot бәссаудасында поп-музыканың патшасы Майкл Джексонның қалпағы 8,5 мың еуроға сатылды. 

Алтындатылған түймелігі бар, Maddest Hatter қара фетр қалпағы 1984 жылы шығарылды, оның ішкі жағында «Арнайы Майкл Джексон үшін жасалған» деген жазу бар. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

1984 жылдың 25 тамызында Нью-Йоркте берген концертінен кейін Джексон бұл қалпақты американдық орындаушы Джонатан Дэвиске сыйлаған. Қалпаққа қосымша Дэвистің 2008 жылдың 15 тамызындағы хаты мен оның сол концертке VIP-билеті берілді.

BAQ.kz

Бөлісу: