Ғалымдар «Ғылым қорынан» қолдау күтеді

12 Ақпан 2013, 12:15

«Астанада ғылымға белсене араласып, ел дамуына өзіндік үлес қосам деген жастар саны артуда». «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуатжан Уәлиев бүгін Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінде жасаған баяндамасында осылай деді. Сондай-ақ, басқарма төрағасы 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап  17 инновациялық грант және 4 қайтарымды негіздегі жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Астана  ЭКСПО-2017  халықаралық  көрмесін өткізу мүмкіндігін иеленгеннен бері өз жобасын ұсынып, қордан қолдау іздейтін ғалымдар саны едәуір көбейген. Олардың ішінде мектеп оқушылары да бар. Еске салсақ,  №70 мектеп-лицейінің оқушысы Жолдас Алтынбек «Түнгі  уақытта  күн энергиясын пайдалану», № 64 мектеп-лицейінің оқушысы Кукашева Альмира «Төменгі қысымда фуллерендерді зерттеу» атты ғылыми жобалар ұсынған еді. Қуатжан Уәлиевтің  айтуынша, қазіргі уақытта мұндай бірнеше жоба күрделі сараптамадан өтуде. Ал, сарапшылардан қолдау тапса, қор ол жобаларды жүзеге асырудың көзін таппақ. Айта кетейік, Астанада жылына 217 мың фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт іске қосылған. Бұл жоба – елімізде күн энергиясы технологиясын дамыту мен  қалпына келтірілетін энергия көздерін шығару бойынша өндірісін  құруды мақсат етеді. Ал, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізілуге төрт жылдан астам уақыт барын ескерсек, болашақ энергиясына жұмыс істейтін бірнеше жобаның жүзеге асырылатынына сенім мол. Астана қаласының ресми сайты astana.kz  

«Астанада ғылымға белсене араласып, ел дамуына өзіндік үлес қосам деген жастар саны артуда». «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуатжан Уәлиев бүгін Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінде жасаған баяндамасында осылай деді. Сондай-ақ, басқарма төрағасы 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап  17 инновациялық грант және 4 қайтарымды негіздегі жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Астана  ЭКСПО-2017  халықаралық  көрмесін өткізу мүмкіндігін иеленгеннен бері өз жобасын ұсынып, қордан қолдау іздейтін ғалымдар саны едәуір көбейген. Олардың ішінде мектеп оқушылары да бар. Еске салсақ,  №70 мектеп-лицейінің оқушысы Жолдас Алтынбек «Түнгі  уақытта  күн энергиясын пайдалану», № 64 мектеп-лицейінің оқушысы Кукашева Альмира «Төменгі қысымда фуллерендерді зерттеу» атты ғылыми жобалар ұсынған еді. Қуатжан Уәлиевтің  айтуынша, қазіргі уақытта мұндай бірнеше жоба күрделі сараптамадан өтуде. Ал, сарапшылардан қолдау тапса, қор ол жобаларды жүзеге асырудың көзін таппақ.
Айта кетейік, Астанада жылына 217 мың фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт іске қосылған. Бұл жоба – елімізде күн энергиясы технологиясын дамыту мен  қалпына келтірілетін энергия көздерін шығару бойынша өндірісін  құруды мақсат етеді. Ал, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізілуге төрт жылдан астам уақыт барын ескерсек, болашақ энергиясына жұмыс істейтін бірнеше жобаның жүзеге асырылатынына сенім мол.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

 

Бөлісу: