Алматыда «Келіндер мектебі» құрылды. Немесе оны Қазақстандағы үлгілі келіншектер академиясы деуге де болады. «Келіндер мектебінің» түлектері Қазақстанның үздік келіні атты байқауға қатысады. Байқауда Қазақстанның ең үздік 12 келіні анықталады.
Жоба авторы, ұйымдастырушы Белла Сатмырзаның айтуынша, бұл ой Қазақстандағы отбасы жағдайы туралы мониторингтен кейін келген. Елімізде әрбір үшінші жұп ұзамай ажырасады, әрбір бесінші жұптың некесі әрі кетсе 5 жылға дейін ғана. Сондай-ақ, елімізде отбасын құрмаған салт басты қыздардың көбейіп кеткендігін айтады. Осыған байланысты «Келіндер мектебін» ашып, қызығушылық танытқандарды тоғыз бағыт бойынша оқытады.
«Мектепте дәріс алатындар тамақ жасауды, өмірін мәнді өткізуді, мейкап жасаудың ережелерін білуді, отбасындағы тыныштықты бұзбау, күйеуін құрметтеуді үйренеді. Біз мейлінше үздік келін дайындағымыз келеді. Балаға да, отбасына да, өзіне де қарайтын, сондай-ақ, дәстүр мен мәдениетке қанық, ас әзірлеуде шебер заманға сай келін болып шығуын армандаймыз», дейді Белла.
Курста бешбармақ дайындауды, балаға қарауды үйретеді. Оларға үйрететіндер күйеуі бар, бесаспап аяулы аналар.
«Келіндер мектебінде» бір ай оқыған соң, "Керемет келін-2013" байқауын ұйымдастырмақпыз» дейді.
Бұған дейін дәл осындай келіндерді даярлайтын курс Ақтөбеде ашылған болатын. Ал, Алматыдағы курстың одан басты айырмашылығы ешқандай дінге уағыздамайды. Ешкімнің сеніміне сызат түсірмейді екен. Бұл туралы Белла Сатмырза айтып отыр.
BAQ.kz