«Менің атым – Қожа» енді көрсетілмеуі мүмкін

12 Ақпан 2013, 11:49

Талай қазақ баласы көріп өскен, ұлты­мыздың «алтын қорына» енген «Менің атым – Қожа» фильмін балалардың көруіне енді тыйым салынуы мүмкін. Бүгінде Парламентте жас қазақстандықтарды, олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралуда. Әрине, депутаттар: «оған бара қоймас!» дегенді айтады. Бірақ заң қабылданған соң, шешімді олар емес, уәкілетті орган тартатын сарапшылар шығармақ. Ал заң жобасында «баланы қоғамға жат және құқыққа қарсы іс-әрекеттерге арандататын – баланың... психотроптық немесе есеңгірететін заттарды пайдалануына, ... қаңғыбастықпен және қайыршылықпен шұғылдануына түрткі болатын ақпараты» бар туындыларға тыйым салу көзделген. Ендеше, ұстазының сөмкесiне бақа са­латын, сыныптасына сияны рогаткамен ататын, балыққа барып, көршiнiң ауын «ұрлайтын», iргелес ауылдағы бейтаныс үйде бүлдіршінді алдап соғып, етiн жеп, қымызын iшiп кететiн Қожаның қы­лықтарын сарапшылардың «қоғамға жат жә­не құқыққа қарсы іс-әрекеттер» деп бағала­масына, фильмнің басты кейіпкерін ұзын­тұра Сұлтанның темекі тартуға үй­ретуін – «психотроптық немесе есеңгіре­тетін заттарды пайдалануға түрткі болу» деп таппасына, тіпті басты қос кейіпкер­дің үйден қашып, ел кезуін – «қаңғыбас­тықпен шұғылдану» деп айыптамасына кім кепіл? Сұрақ көп. Сондықтан болса керек, осы заңды пысықтайтын жұмыс тобына же­тек­шілік ететін ұлтжанды де­путат Алдан Смайыл, осы топтың кешегі өткен отыры­сында, дау туғызар көптеген позициялар бойынша шешім қабылдау­- ды кейінге қалдырды, ол Мәжілістің Заң­нама және сот-құқықтық реформа ко­ми­тетіне әлгі бап­тарды және соларға қатысты депу­тат­­тардың енгізген түзетулерін ма­мандармен жеке қарап, бірыңғай ұстаным-байлам түзуді ұсынды.  Отырыс барысында бірқатар депу­тат­тар балаларды теріс ақпараттардан қор­ғауда батыстық озық үлгілерге сүйенуді, тіпті кейбірі Ресейдің осының алдында қабылданған заңының жақсысын алуды ұсынған. Бірақ жұмыс тобының жетекшісі Батысқа жалтақтаудың жақсылық әкел­мейтіндігін ұғындырды: – Менің шошитын бірдеңе бар, – деді әріптестеріне қайырылған Алдан Смайыл. – Осы заңды талқылағанда естеріңізде бол­сыншы! Таяуда ғана Франция парла­менті бір жынысты некелерді мақұлдады. Америка президенті кандидат болғанда, сондайды жақтап шықты. Енді елді осыған дейін жеткізбеу үшін бірдеңе істеуіміз керек! Осы заңның мағынасы да сол. Еуро­па–Еуропа дегенде, оның жеткен жері жаңағы болып отыр. Масқара! Фран­ция парламенті бүкіл адамзатқа қарсы, Алланың жаратылысына қарсы шешім қабылдады. Осыдан кейін шошынасың. Осыдан кейін біздің қолда бар мүмкіндікті мына заңға енгізуіміз керек. Ештеңеден қалтырамай, жасқанбай. Еуропа демек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Д.Миятович офисінің осы заң жобасына қатысты түсініктемесін жолдапты. Онда еуропалық осы ұйым тарт­қан сарапшы: «аталған заң жобасы цензура ретінде бағалануы мүмкін тыйымдар мен шектеулерді ендіруге жол ашады» деген «ортақ қорытындыға» келіпті. Демек, бұл құжат айналасында алда талай пікірталастар жүретінге ұқ­сайды. Бұл заңның қабылдануын кешіктіруі мүмкін тағы бір қызықты жайт мәлім бол­ды: жұмыс тобының жиынында оның жобасының орыс тіліндегі мәтініне қа­тысты кейбір түсінбеушіліктер туындаған. Мұның мәнісі мынада болып шықты: «Ба­лаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы» заң жобасы – қазақ тілінде жа­зылған заң екен! Кейін оны орыс тіліне аудару кезінде сәйкессіздіктер кеткендігі хабарланды. Осы орайда аудармашы­лар­ға жұмыс табылып отыр. Бұл заңның тыйымдары тек телеарна, радио және баспасөзге ғана емес, интер­нетке де таралуы мүмкін. Осыған байла­нысты жобадағы біраз бапты «орындау мүмкіндігінің жетіспеушілігіне орай», алып тастау ұсынылған. Бұған жұмыс тобы­ның жетекшісі қарсы шықты. «Жал­пы, кодтау арқылы баланың теріс ақпа­раттарды көру мүмкіндігін шектеуге бо­лады,– деді Алдан Смайыл. – Бұл – тех­ни­калық жағынан мүмкін дүние. Ал оны ата-аналардың барлығы бірдей істей ала ма, жоқ па, ол – басқа мәселе. Бірақ заң­-да осыны бекітеміз бе, жоқ па, мә­селе сонда». Депутаттың пікірінше, баласының «жо­ғарғы, ақпараттық» құралында әл­гіндей «сүзгіні» орната алмайтын ата-ана­ларға провайдерлер көмекке келуі қажет. «Интернеттен хабар тарататындардың өздері балалардың бәленбай уақытта көруіне, тағы басқаларына өз тарапта­рынан шектеу қоя алады. Сондай келі­сімдер бар» деген Алдан Смайыл ми­нистрлік өкіліне бұрылды: «Мысалы, Мә­дениет және ақпарат министрлігі Қа­зақстандағы интернет таратушылармен осындай келісімге отыра аласыздар. Он­дай мүмкіндік бар. Еуропада 32 ірі ин­тернет-провайдерлермен келісімге отыр­ған: «балаларға мынадай-мынадай ақпа­раттарды көрсетуге мүмкіндік бер­мейсіздер» деп. Мына мәселе содан алынып отырған дүние. Ендеше, неге Қазақстанда мүмкін емес?! Бәрі мүмкін!» деп шорт кесті топ басшысы. Елдос СЕНБАЙ Айқын

Талай қазақ баласы көріп өскен, ұлты­мыздың «алтын қорына» енген «Менің атым – Қожа» фильмін балалардың көруіне енді тыйым салынуы мүмкін. Бүгінде Парламентте жас қазақстандықтарды, олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралуда. Әрине, депутаттар: «оған бара қоймас!» дегенді айтады. Бірақ заң қабылданған соң, шешімді олар емес, уәкілетті орган тартатын сарапшылар шығармақ. Ал заң жобасында «баланы қоғамға жат және құқыққа қарсы іс-әрекеттерге арандататын – баланың... психотроптық немесе есеңгірететін заттарды пайдалануына, ... қаңғыбастықпен және қайыршылықпен шұғылдануына түрткі болатын ақпараты» бар туындыларға тыйым салу көзделген.

Ендеше, ұстазының сөмкесiне бақа са­латын, сыныптасына сияны рогаткамен ататын, балыққа барып, көршiнiң ауын «ұрлайтын», iргелес ауылдағы бейтаныс үйде бүлдіршінді алдап соғып, етiн жеп, қымызын iшiп кететiн Қожаның қы­лықтарын сарапшылардың «қоғамға жат жә­не құқыққа қарсы іс-әрекеттер» деп бағала­масына, фильмнің басты кейіпкерін ұзын­тұра Сұлтанның темекі тартуға үй­ретуін – «психотроптық немесе есеңгіре­тетін заттарды пайдалануға түрткі болу» деп таппасына, тіпті басты қос кейіпкер­дің үйден қашып, ел кезуін – «қаңғыбас­тықпен шұғылдану» деп айыптамасына кім кепіл? Сұрақ көп. Сондықтан болса керек, осы заңды пысықтайтын жұмыс тобына же­тек­шілік ететін ұлтжанды де­путат Алдан Смайыл, осы топтың кешегі өткен отыры­сында, дау туғызар көптеген позициялар бойынша шешім қабылдау­- ды кейінге қалдырды, ол Мәжілістің Заң­нама және сот-құқықтық реформа ко­ми­тетіне әлгі бап­тарды және соларға қатысты депу­тат­­тардың енгізген түзетулерін ма­мандармен жеке қарап, бірыңғай ұстаным-байлам түзуді ұсынды.

 Отырыс барысында бірқатар депу­тат­тар балаларды теріс ақпараттардан қор­ғауда батыстық озық үлгілерге сүйенуді, тіпті кейбірі Ресейдің осының алдында қабылданған заңының жақсысын алуды ұсынған. Бірақ жұмыс тобының жетекшісі Батысқа жалтақтаудың жақсылық әкел­мейтіндігін ұғындырды:

– Менің шошитын бірдеңе бар, – деді әріптестеріне қайырылған Алдан Смайыл. – Осы заңды талқылағанда естеріңізде бол­сыншы! Таяуда ғана Франция парла­менті бір жынысты некелерді мақұлдады. Америка президенті кандидат болғанда, сондайды жақтап шықты. Енді елді осыған дейін жеткізбеу үшін бірдеңе істеуіміз керек! Осы заңның мағынасы да сол. Еуро­па–Еуропа дегенде, оның жеткен жері жаңағы болып отыр. Масқара! Фран­ция парламенті бүкіл адамзатқа қарсы, Алланың жаратылысына қарсы шешім қабылдады. Осыдан кейін шошынасың. Осыдан кейін біздің қолда бар мүмкіндікті мына заңға енгізуіміз керек. Ештеңеден қалтырамай, жасқанбай.

Еуропа демек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Д.Миятович офисінің осы заң жобасына қатысты түсініктемесін жолдапты. Онда еуропалық осы ұйым тарт­қан сарапшы: «аталған заң жобасы цензура ретінде бағалануы мүмкін тыйымдар мен шектеулерді ендіруге жол ашады» деген «ортақ қорытындыға» келіпті. Демек, бұл құжат айналасында алда талай пікірталастар жүретінге ұқ­сайды.

Бұл заңның қабылдануын кешіктіруі мүмкін тағы бір қызықты жайт мәлім бол­ды: жұмыс тобының жиынында оның жобасының орыс тіліндегі мәтініне қа­тысты кейбір түсінбеушіліктер туындаған. Мұның мәнісі мынада болып шықты: «Ба­лаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы» заң жобасы – қазақ тілінде жа­зылған заң екен! Кейін оны орыс тіліне аудару кезінде сәйкессіздіктер кеткендігі хабарланды. Осы орайда аудармашы­лар­ға жұмыс табылып отыр.

Бұл заңның тыйымдары тек телеарна, радио және баспасөзге ғана емес, интер­нетке де таралуы мүмкін. Осыған байла­нысты жобадағы біраз бапты «орындау мүмкіндігінің жетіспеушілігіне орай», алып тастау ұсынылған. Бұған жұмыс тобы­ның жетекшісі қарсы шықты. «Жал­пы, кодтау арқылы баланың теріс ақпа­раттарды көру мүмкіндігін шектеуге бо­лады,– деді Алдан Смайыл. – Бұл – тех­ни­калық жағынан мүмкін дүние. Ал оны ата-аналардың барлығы бірдей істей ала ма, жоқ па, ол – басқа мәселе. Бірақ заң­-да осыны бекітеміз бе, жоқ па, мә­селе сонда».

Депутаттың пікірінше, баласының «жо­ғарғы, ақпараттық» құралында әл­гіндей «сүзгіні» орната алмайтын ата-ана­ларға провайдерлер көмекке келуі қажет. «Интернеттен хабар тарататындардың өздері балалардың бәленбай уақытта көруіне, тағы басқаларына өз тарапта­рынан шектеу қоя алады. Сондай келі­сімдер бар» деген Алдан Смайыл ми­нистрлік өкіліне бұрылды: «Мысалы, Мә­дениет және ақпарат министрлігі Қа­зақстандағы интернет таратушылармен осындай келісімге отыра аласыздар. Он­дай мүмкіндік бар. Еуропада 32 ірі ин­тернет-провайдерлермен келісімге отыр­ған: «балаларға мынадай-мынадай ақпа­раттарды көрсетуге мүмкіндік бер­мейсіздер» деп. Мына мәселе содан алынып отырған дүние. Ендеше, неге Қазақстанда мүмкін емес?! Бәрі мүмкін!» деп шорт кесті топ басшысы.

Елдос СЕНБАЙ

Айқын

Бөлісу: