Испан тілінің сөздігі «Inmessionante» деген жаңа сөзбен толығып отыр. Жаңа сын есім «Барселона» футбол клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің құрметіне берілді.
Бұл сөздің екі ұғымы бар: бірі – «футболды Месси секілді ойнайды» деген мағынаны білдірсе, екіншісі – «барлық кезеңнің үздік футболшысы» деген мағынада.
Бұдан бұрын швед тілінің сөздігі «zlatanera» деген етістікпен толыққан еді. Жаңа сөздің түбірі Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің атынан алынған. Оның мағынасы «басымдық көрсету, күшпен жұмыс істеу» дегенді білдіретін.
Бұл ретте ағылшындар да қалысқан жоқ. 2012 жылы ағылшын тілінде «Kerzhakov» деген жаңа сөз пайда болған болатын. Кержаков – Ресей құрамасының футболшысы. Алайда, британдықтар осынау жаңа сөзді келеке мағынада қолданады екен, яғни ол «гол болатын сәтте қақпадан қиыс тебу» деген ұғымда айтылып жүр.
BAQ.kz