Заң жобаларының сапасы басты назарда болуы керек – С.Ахметов

11 Ақпан 2013, 17:45

Заң жобаларының сапасы басты міндеттердің бірі болуы керек. Бүгін Әділет министрлігінің алқа мәжілісіне қатыса отырып, Үкімет басшысы осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Биыл Үкімет Парламентке 53 заң жобасын тапсыру керек. Мен олардың сараптамалық сапасына назар аудартқым келеді. Қандай сараптама жүргізу керек болса да бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Соның өзінде депутаттар заң жобаларының сараптамасына сын айтты. Былтыр 14 заң жобасы талапқа сай болмаған соң кері қайтарылған. Сондықтан сараптама, әсіресе, ғылыми сараптама сапасын арттыру Әділет министрлігінің басты міндеттерінің біріне айналуы керек» ,- деді Үкімет басшысы. Айта кетейік, бүгін Премьер-министр С.Ахметовтің қатысуымен Әділет министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Кенжекей Тоқтамұрат  

Заң жобаларының сапасы басты міндеттердің бірі болуы керек. Бүгін Әділет министрлігінің алқа мәжілісіне қатыса отырып, Үкімет басшысы осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Биыл Үкімет Парламентке 53 заң жобасын тапсыру керек. Мен олардың сараптамалық сапасына назар аудартқым келеді. Қандай сараптама жүргізу керек болса да бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Соның өзінде депутаттар заң жобаларының сараптамасына сын айтты. Былтыр 14 заң жобасы талапқа сай болмаған соң кері қайтарылған. Сондықтан сараптама, әсіресе, ғылыми сараптама сапасын арттыру Әділет министрлігінің басты міндеттерінің біріне айналуы керек» ,- деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр С.Ахметовтің қатысуымен Әділет министрлігінің алқа мәжілісі өтті.

Кенжекей Тоқтамұрат

 

Бөлісу: