Еліміздегі Стратегиялық құжаттардың орындалуын құқықтық-заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – Әділет министрлігінің басты міндеті. Бүгін аталмыш ведомствоның алқа мәжілісіне қатысқан Премьер-министр Серік Ахметов осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біз алдағы мақсат-міндеттерді айқындадық. Елбасы бекіткен старегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жоспарын белгіледік. Қабылданған құжаттардың орындалуын құқықтық-заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – бұл Әділет министрлігінің басты міндеті болып табылады», - деді Үкімет басшысы Серік Ахметов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен Әділет министрлігінің алқа мәжілісі өтті.
Кенжекей Тоқтамұрат