Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті 1 күнде тіркей алады

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті 1 күнде тіркей алады

Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлкін небары 1 күн ішінде тіркеуге қоя алатынын тағы бір еске салып өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу қолданысқа енгізілді. Сол арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі 1 күнге дейін қысқарды», - деді министр.

Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда бизнес ашу рәсімдері де барынша жеңілдетілген.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ, фото Бауыржан ЖУАСБАЕВТІКІ