2014 жылы «Мұз дәуірі» басталады деп болжануда

11 Ақпан 2013, 03:19

Ресей ғылымдар академиясының Биологияның фундаменталды проблемалары институтының ғалымдары Владимир Башкин мен Рауф Галиулин жаһандық жылыну теориясын жоққа шығарып, керісінше, алдағы уақытта әлемді мұз дәуірі күтіп тұр деп болжады. Бұл туралы РБК хабарлады. «Шағын мұз дәуірі 2014 жылы басталып, ғасырдың ортасында ең төменгі температуралар деңгейіне жетеді. Бастапқы кезеңде температураның төмендеуі баяу жүреді, онжылдықтар өткен соң оның салқындаудың қарқыны артады. Суықтар жаһандық деңгейде де, аймақтық деңгейде де энергия тұтыну көлемін айтарлықтай ұлғайтары сөзсіз», - дейді ғалымдар.  физиктердің пікірінше, қазіргі жаһандық жылыну - «шағын мұз дәуірінен» шығу мен жаңа суық дәуірге аяқ басу алдындағы аралық кезең көрінеді. BAQ.kz

Ресей ғылымдар академиясының Биологияның фундаменталды проблемалары институтының ғалымдары Владимир Башкин мен Рауф Галиулин жаһандық жылыну теориясын жоққа шығарып, керісінше, алдағы уақытта әлемді мұз дәуірі күтіп тұр деп болжады. Бұл туралы РБК хабарлады.

«Шағын мұз дәуірі 2014 жылы басталып, ғасырдың ортасында ең төменгі температуралар деңгейіне жетеді. Бастапқы кезеңде температураның төмендеуі баяу жүреді, онжылдықтар өткен соң оның салқындаудың қарқыны артады. Суықтар жаһандық деңгейде де, аймақтық деңгейде де энергия тұтыну көлемін айтарлықтай ұлғайтары сөзсіз», - дейді ғалымдар. 

физиктердің пікірінше, қазіргі жаһандық жылыну - «шағын мұз дәуірінен» шығу мен жаңа суық дәуірге аяқ басу алдындағы аралық кезең көрінеді.

BAQ.kz

Бөлісу: