2013 жылдың бірінші тоқсанында жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жалпыұлттық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы әзірленетін болады. Оның негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканың орнықты өсуі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру болып табылады», - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ биыл мұнай ресурстарын Ұлттық қорда жинау саясаты жалғасады. Осыған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел ішіндегі ірі стратегиялық жобаларға инвестициялау үшін Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану тетігі әзірленетін болады.
«Экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін бюджет шығыстарына ЖІӨ-ге қатысты тұрақты деңгейде қолдау көрсетіледі. Бұл салық саясатын өзгерту және салық салу базасын кеңейту арқылы бюджеттің кіріс бөлігін қайта қарауды талап етеді. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге, басқарудың төменгі деңгейлерін қаржылық бекітуге бағытталған заң жобаларының пакеті, оның ішінде «Жергілікті бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы 2014-2016 жылдарға арналған трансферттер туралы» Заң жобасы әзірленеді және нысаналы трансферттерді қалыптастыру мен бөлудің қолданыстағы тетігі қайта қаралатын болады», - деп атап өтті Досаев.
«Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру мақсатында министрлік нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Бюджет нақты қаржыландыру қажеттілігіне байланысты және бөлінген қаражатты нақты нәтижелермен байланыстыру жағы ескеріле отырып қалыптастырылады.Түрлі бағдарламаларға бюджет қаражатын бөлу аралық нәтижелерге қол жеткізумен қатаң байланыстырылатын болады және тиімсіз шығыстар неғұрлым нәтижелі бағдарламаларға қайта бөлінеді», - деп толықтырды экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мұнымен қатар озық әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру мақсатында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы әзірленбек.
Айымгүл Әбілева