2013 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасы әзірленеді

8 Ақпан 2013, 12:24

2013 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2013 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдама әлемдік экономиканы дамытудың демографиялық, саяси, экономикалық және технологиялық трендтерін ескере отырып Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын нақтылайды», - деді министр. Онда үшінші индустриялды революцияға дайындық, кластерлік тәсілді енгізу, отандық өндірістік активтерді жаңғырту, шикізат емес экспортты кеңейту және Қазақстанның тауарлар мен қызметтердің жаһандық және өңірлік нарығына кіруі мәселелері көрсетілетін болады. Айымгүл Әбілева

2013 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2013 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдама әлемдік экономиканы дамытудың демографиялық, саяси, экономикалық және технологиялық трендтерін ескере отырып Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын нақтылайды», - деді министр.

Онда үшінші индустриялды революцияға дайындық, кластерлік тәсілді енгізу, отандық өндірістік активтерді жаңғырту, шикізат емес экспортты кеңейту және Қазақстанның тауарлар мен қызметтердің жаһандық және өңірлік нарығына кіруі мәселелері көрсетілетін болады.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу: