Ерболат Досаев: Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру жұмыстары аяқталды

8 Ақпан 2013, 12:22

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жетпістен астам халықаралық келісімшарттарды қамтитын Кеден Одағының шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды деуге болады. Кеден Одағы және БЭК шарттық құқықтық базасы қалыптастыратын халықаралық келісімшарттарға кодификациялау жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда», - деп атап өтті министр. Ерболат Досаев өткен жылы Кеден Одағы мемлекеттерімен Ресейдің ДСҰ-ға кіру кезіндегі тарифтік міндеттерге сәйкес келетін бірыңғай кеден тарифінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Айымгүл Әбілева

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жетпістен астам халықаралық келісімшарттарды қамтитын Кеден Одағының шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды деуге болады. Кеден Одағы және БЭК шарттық құқықтық базасы қалыптастыратын халықаралық келісімшарттарға кодификациялау жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда», - деп атап өтті министр.

Ерболат Досаев өткен жылы Кеден Одағы мемлекеттерімен Ресейдің ДСҰ-ға кіру кезіндегі тарифтік міндеттерге сәйкес келетін бірыңғай кеден тарифінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу: