Бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев базарларда әзірге POS-терминал орнатудың қажеті жоқ дегенді айтты. Себебі бұл сатып алушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«POS-терминалдарды орнату туралы талап 2003 жылдан бері қойылғаны белгілі. Әрине, қазір қаланың ірі дүкендері терминал орнатқан. Биылдан бастап заңды тұлғалардың бәрін терминал орнатуға міндеттеп қойды. Бірақ жеңілдетілген салық формасы бойынша есеп беріп отыратын кәсіпорындар мен патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарға терминал орнатудың қажеті жоқ. Бірақ 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларды да міндеттейді. Алайда, кәсіпкер болып саналатын базарлардағы саудагерлерге терминал орнату міндеті жүктелмейді. Себебі бұл сатып алушылар үшін қолайлы әдіс емес», - деді Комитет төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтіп, онда Салық комитетінің төрағасы баяндама жасады.
Кенжекей Тоқтамұрат