Елордада туризм және спорт нысандары көбеюде

Елордада туризм және спорт нысандары көбеюде

2012 жылы туризм және спорт нысандарының жобалары жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Бұл туралы Астана қаласының Құрылыс басқармасынан хабарлады.

№41 жалпы білім беретін мектепте спорт алаңы салынды.

Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайына жаспсарлас мұз айдынын, Астана қаласында теннис кешенін, №32 жалпы білім беретін мектепте хоккей алаңын салуға қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайсар» спорт клубының және теннис кешеніне жапсарлас салынатын ғимараттың құрылысын жобалау басталды, - делінген хабарламада.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz