Cмартфонды «жастанып» ұйықтауға бола ма?

12 Ақпан, 16:40 3903

Смартфонның адам денсаулығына тигізетін зияны туралы еститініміз көп. Бірақ, нақты дәлел бар ма? Жастықтың астындағы немесе тумбада тұрған гаджет миға зақым келтіріп, рак шақыра ма? Анықтайық.

2019 жылы  Common Sense Media коммерциялық емес ұйымы ересектер мен жасөспірімдер арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде 29% тинейджерлер телефондарын қолжетімді жерге қойып ұйықтайтыны белгілі болды.  Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің  68%-ы гаджеттерін «жастанып» жататынын мойындады. Ал ересектердегі бұл көрсеткіш тіпті көп (74%).  

2017 жылы жүргізілген зерттеуге  855 аурухана қызметкерлері мен университет студенттері шақырылған. Олардың орта жасы – 44. Зерттеу нәтижесінде қатысушылардың 70%-ы ұйқыға жатқанда әлеуметтік желіні ақтаратыны, көп бөлігі бір сағаттан артық уақытын өткізетіні белгілі болды.

Сонымен, телефон шынымен зиян ба? Көбіміз смартфонның зияны одан шығатын сәуледен деп білеміз. Яғни, сигналдың берілуі «организмдегі биоырғақты бұзады», тіпті қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі деген жалған ақпараттарға көзіміз түскен. Расында солай ма?

Смартфонның сәулесі канцергонді фактор емес

Қазіргі уақытта телефоннан шыққан сәуле рак шақырады деген ешқандай дәлел жоқ. АҚШ ұлттық онкологиялық орталығы соңғы он жылдықта Солтүстік Еуропа, Аустралия мен АҚШ-тағы ми ісігі мен басқа да ауруларға анализ жасап, смартфонның шығуымен ешқандай өзгеріс болмағанын анықтаған. Wi‑Fi мен 5G радиосигналы радиоактивті фотон шығаратын ионнан миллиард есе әлсіз екен.

Десе де, телефонды қолжетімді жерге қойып ұйықтамаған жөн. Ілгеріде айтқандай смартфон ешқандай рак шақырмайды, мидың зақымдануын тудырмайды. Бірақ, онымен «бірге» ұйықтауға болмайтыны туралы бірнеше себептер бар.

Экранның көк түсі ұйқы ырғағын бұзады

Смартфоннан, компьютерден, теледидардан және басқа да құрылғылардан шығатын көк түс мелатонин гормонының бөлінуіне кедергі келтіреді. Жалпы күн түскенде адам өзін сергек сезінеді де, күн батып, түнге ауғанда ұйқы гормоны мелатонин бөлінеді. Ал сол түнгі мезгілде көп телефонға қарасаңыз, организм әлі күндізгі уақыт деп ойлап, сізді ұйықтатпауға тырысады. Осыдан ұйқысыздық басталады. Сол себепті, ұйқының алдында бірер сағат гаджетіңізді қолыңызға алмаңыз. Немесе ұялы байланысыңыздағы «түнгі режимді» қосып қойыңыз.

Смартфон ұйықтауыңызға кедергі келтіреді

Ертеңгі күніңіздің энергияға толы өтуіне тікелей сапалы ұйқыңыз себепкер болады. Америкалық ұйқы медициналық академиясының ғалымдары түнде әлеуметтік желіде отыратын адамдардан ұйқы бұзылысын анықтаған.  Смартфонның кесірінен 77% ерлер мен 83% әйелдердің ұйқысы бұзылған.

Смартфон қызып, жарылуы мүмкін

Apple компаниясы өз құрылғыларын 16 пен 22 °C температурасында пайдалану керектігін айтты. Ал 35 °C жоғары болғанда қолданбауға шақырады. Сонымен қатар, компания сматрфонды және қуаттандырғышын ыстық жерде ұстамауға кеңес береді. Оның салдары ауыр болатынын ескертеді.

Electrical Safety First британдық электрқауіпсіздік ұйымы кереуеттің жанында, жастық астына гаджетті қойып қуаттамауға шақырады. Өрт туындау қаупі тым жоғары екенін ескертеді. Сонымен қатар, қуаттағышта тұрған ұялы байланысыңызды күннің көзіне қойып кетпеу керек.

Смартфон көзге салмақ түсіреді

Көз тopы - сәyле сезгiш элемент, oл көз тамыpы аpқылы миға белгi жiбеpедi. Көз тopының қабаттанғанын көз алдында күтпеген жаpқыл немесе дақтаp пайда бoлғаннан аңғаруға болады. Көбінесе  бұл 50-70 жас аpалығындағы адамдаpда кездеседі. Десе де, бұл техниканы белсендi пайдаланатын жастаpдың да көз тopының қабаттанyы әбден мүмкін.

Смартфондардың экpаны көзге салмақ түсipедi. Oның жаpығының ашықтығынан тыс екi өлшемдi бейненiң маңызы зop. Адамның көзi үш өлшемдi нысандаpды айыpа алады, ал мұнда оған бейімделудің маңызы зор.

Егеp көз тopы қабаттанбаса да, алыстан көpy қабiлетiн төмендететiнi анық. Focus Clinics клиникасының негiзiн қалаyшы Дэвид Алламбидiң мәліметінше, мобильді телефон пайда бoла бастаған кезден бастап алыстан көpмейтiндеp 35 %-ға ұлғайған. Жақын уақыттар бұл көpсеткiш 50 %-ға ұлғаюы мүмкiн.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: