Чехиядан келген магистрант қазақ әдебиетін оқып жүр

17 Қаңтар 2023, 16:47 1011

Чехиядан келген магистрант қазақ әдебиетін оқып жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Палацк университетінің магистранты Ян Брзобогаты Торайғыров университетіне білім алуға келді. Ол Erasmus + бағдарламасы бойынша Азия елдері және қазақ әдебиетін оқып жүр.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехиядан келген магистрант Павлодар жоғары оқу орнын өзі таңдаған. Мұнда ол «Азиатистика бойынша маманданған қытай тілі мен мәдениеті» мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтеді. Сонымен қатар, Ян Брзобогаты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеу жайлы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына қызыққан.

«Біз Еуропадан келген студенттер мен магистранттардың өз бағытында жаңа білім алу және Қазақстан мәдениетін зерттеу үшін ToU-ды таңдағанына өте қуаныштымыз. Біз әрқашан шетелдік қонақтар үшін ашықпыз және оларға оқуда да, күнделікті өмірде де көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің университет шетелде танымал бола бастады», – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

EL.KZ
Бөлісу: