OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман ChatGPT-пен болған жазбаша диалогтар сотта айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ол Тео Вонның подкастында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сэм Альтман адамдарды жасанды интеллектіні психотерапевт ретінде пайдаланбас бұрын «екі рет ойлануға» шақырды. Өйткені көптеген қолданушылар ChatGPT-мен өз құпияларымен, жеке уайымдарымен бөлісіп, кеңес сұрап, заңдық тұрғыдан өздеріне қарсы қолданылуы мүмкін жайттарды ашып жатады.
Альтманның айтуынша, ChatGPT-пен жүргізілген хаттар арнайы қызметтердің, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының сұранысы бойынша оларға берілуі мүмкін. Себебі бұл жазбалар психотерапевтпен немесе адвокатпен болған сөйлесулер секілді құпиялылық құқығымен қорғалмайды.
Меніңше, жасанды интеллектпен сөйлесу кезінде де психотерапевтпен немесе басқа маманмен арадағы әңгіме сияқты құпиялық ережесі қолданылуы керек. Таңғаларлығы – бұл туралы адамдар небәрі бір жыл бұрын ғана ойлана бастады, – деді Сэм Альтман.