Чак-Чак Байрамы тағы да бәрінің басын қосты!

23 Қыркүйек 2018, 11:23 2475

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында жыл сайынғы дәстүрлі «Чак-Чак Байрам» күзгі мерекесі атап өтілді.

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында жыл сайынғы дәстүрлі «Чак-Чак Байрам» күзгі мерекесі атап өтілді.

Мерекелік іс-шара Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі, ҚХАА, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен өтті.

Ұйымдастырушылар шараны өткізу арқылы Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне қоғам назарын аудартуды, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, заманауи технологияларды пайдалану арқылы ұлттық тағам жасау өнерін қайта жаңғырту, татар және башқұр халықтарының рухани құндылықтарын сақтау және дамыту мақсаттарын көздеді.

Қала әкімі Ермек Маржықбаевтың және диаспораның белді отбасыларының сыйлықтарына «Аспазшы татар қызы» байқауы, татар және башқұр бірлістігі әртістерінің, ҚХАА этномәдени орталықтарының және өңірлерден келген қонақтардың қатысуымен үлкен мәдени-көңілді қойылым, аспаздық өнімдер мен ұлттық қолөнерлердің көрме-саудасы белгіленген уақытта бір деммен өте шықты. ҚХАА жанындағы Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері де өздері жасаған бұйымдарды көрме-саудаға шығарып шараға атсалысты.

Тәтті байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздары бағалы сыйлықтар алды. Бұндағы сөзсіз жеңімпаз және Гран-при иегері Хурия Фатхиева болды. Ал жеңімпаздар арасына Роза Бадертдинова, Лариса Аитова, Роза Ткачева, Сарвар Мубаракшиналар енді. Байқаудың ең жас қатысушысы он бес жастағы Алла Бурда болғанын атап өткен жөн.

Мерекелік шараның осындай жарқын, әрі ерекше түрде өтуіне Ринат Курмаев, Манат Исмағұлов, Фирайя Загреева, Гульмира Серажиева, Рашид Ахметов сынды демеушілердің көмегі тиді.

  Ерте замандардан бері барша ұлттар нанды молшылықтың символы ретінде санап, қадірлеген. Сондықтан да чак-чак, ұннан жасалған кез-келген өнім сияқты дастарханға қойылатын басты тағамдардың бірі болған. Жыл сайынғы тойланатын «Чак-чак байрам» мерекесі, бұл жай ғана жазғы егіндік жұмыстарын қорытындылау дәстүрі емес, бұл ата-бабалардан қалған ұлы мұраға деген құрмет.

 

 

Бөлісу: