ӘЧ. Ел намысын қорғайтын дзюдошылар дайын

4 Қазан 2022, 01:23 1758

Енді әлем чемпионатында өзінің өз салмағында бәсекеге түседі.

6-13 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қорғайды.

Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) дүниежүзілік додада бақ сынайды.

Әйелдер құрамасында Әбиба Абужақынова (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.

Айта кетсек, биыл құрама көшбасшысы Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған болатын. Енді әлем чемпионатында өзінің өз салмағында бәсекеге түседі.

EL.KZ
Бөлісу: