Былтыр Түркістан облысында 1 млн-ға жуық көшет егілді

3 Қаңтар, 02:15 525

Түркістан облысының елдімекендерін көгалдандыру мақсатында көктем айларында – 491 106 түп, ал күз айларында 506 323 түп  әртүрлі көшет егілді. Өткен жыл қорытындысымен жалпы облыс көлемінде 1 миллионға жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының Жолдауындағы республиканың орман қоры аумағына 2021-2025 жылдары 2 млрд көшет егу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында облыстың орман қоры аумақтарына 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 млн ағаш егу жөнінде кешенді жоспар бекітілген. Сонымен қатар облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды толықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынымы назарға алынған. Нәтижесінде 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар былтыр мамыр айында қайта бекітілген.

Былтыр жыл қорытындысымен 27 866,5 гектар жерге 39 757,7 мың түп сексеуіл тұқымдары мен көшеттері отырғызылып, жоспар толығымен орындалған.

Асқар Таудай
Бөлісу: