Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Былтыр елімізде жарақаттану көрсеткіші 2023-пен салыстырғанда 7,5% -ке төмендеп, 2471 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның ішінде 288 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 529 – кәсіптік аурулардан, 26 - улану кезінде зардап шеккен. Сондай-ақ өндірістегі өлім-жітім саны да азайған – төмендеу 24,8%. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші Жетісу облысында (20 адам), Шымкент қаласында (30 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 адам) тіркелген.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (32,4%), тау-кен өнеркәсібінде (19,4%), сондай-ақ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте (8,3%) байқалған.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия (274 адам); құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз (129 адам).
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымда жұмыс істеген 30-дан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары