21.10.2025
19:39
521
Былтыр елімізде 205 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылған

Былтыр елімізде 205 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылған

Астанада 2026 жылдың іскерлік бағытын айқындайтын және Қазақстанның Орталық Азиядағы көрме индустриясындағы жетекші орнын нығайтатын басты халықаралық көрмелердің тұсауы кесілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Business Media Central Asia – Германияның Messe Frankfurt компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі. Бүгінге дейін Еуропа, Азия және ТМД елдерінен мыңнан астам компанияны біріктірген 20-дан астам ауқымды халықаралық жобаны сәтті жүзеге асырды. Бүгінде компания ұйымдастыратын көрме алаңдары кәсіби қауымдастықтар, инвесторлар мен стратегиялық серіктестер үшін тартылыс нүктесіне айналып отыр.

Comtrux Astana – Komtrans+ BUSexpo Astana көрмесінің ребрендингі нәтижесінде пайда болған жаңа бренд. Жоба Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық көлік саласын жаңа деңгейге шығарып, қатысушылар ауқымын кеңейтуге және әлемдік деңгейдегі серіктестерді тартуға бағытталған.

Көрме 2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында өтеді. Іс-шара Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар ұйымдастырылып, көлік пен құрылыс салаларының бір алаңда тоғысуы арқылы іскерлік өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыра түседі.

Қазақстанның автомобиль индустриясы тұрақты өсімін жалғастыруда.

Автомобиль нарығын талдау және мониторинг жасау агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы елде 205 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Ал 2025 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша сатылым көлемі 143 мың бірлікті құрап, макроэкономикалық факторларға қарамастан нарықтың оң динамикасын сақтап отыр.

Өндіріс секторы да тұрақтылығын көрсетуде: аталған кезеңде 1,34 трлн теңге көлемінде 96 мыңнан астам көлік құралы шығарылған. Негізгі өндіріс көлемі Allur және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарына тиесілі – олар елдегі жалпы автокөлік өндірісінің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, автокөлік импорты да өсіп келеді. Нарықтағы жетекші елдер қатарында Қытай, АҚШ және Жапония бар, ал қытайлық брендтердің үлесі ішкі нарықтағы жаңа көліктер сатылымының үштен бірінен асып түсті.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның автоөндіріс саласының жоғары әлеуетін дәлелдей отырып, коммерциялық көлік индустриясын дамытуға берік негіз қалыптастырады. Дәл осы миссияны жүзеге асыруды Comtrux Astana көрме алаңы өз мойнына алады.

Automechanika Astana 2026

Қазақстан мен Каспий аймағындағы автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер, автокомпоненттер және сервистік жабдықтар бойынша ең ірі көрме.

2026 жылдың 10-12 маусымы аралығында өтетін іс-шара аясында автонарықтың жетекші өндірушілері, дистрибьюторлары және салалық сарапшылары қайта бас қосып, саладағы заманауи шешімдер мен жаңа үрдістерді ұсынады.