13.02.2023
06:07
1663
Былтыр 18 мыңға жуық отбасы некелерін бұзған

Былтыр 18 мыңға жуық отбасы некелерін бұзған

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтеріп, 17,7 мың отбасы ажырасты, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Былтыр елімізде 128,5 мың неке тіркелді. 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда заңды некеге тұрғандар саны 8,4% азайған.Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46-ны құрады.

Соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша 17,7 мың жұп ажырасқан. Бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға төмен. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89-ды құрады, - делінген бюро таратқан ақпаратта.