ЮНИСЕФ өкілі Джеймс Элдер Суданда әскери қақтығыс басталғалы 190 бала көз жұмып, тағы 1700 бала жараланғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресми өкіл 11 күнде сағатына 7 баладан қаза тапты немесе жараланды деп отыр.
Қайтыс болған немесе жарақат алған балалар туралы ақпарат ауруханаға жеткізілгендердің тізімі бойынша ғана жасалды. Яғни шындығында бұл сан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, - деді баспасөз хатшысы.
Джеймс Элдер есепте әскери қақтығыстың 11 күні ғана қамтылғанымен, Судандағы балалар үш аптадан бері жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатқанын мәлімдеді.
Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖЖҚ) арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр.